Қызанақты маринадтаудың бір әдісі

0
4 869

Көкөністі қысқа дайындау - қыз-келіншектердің жылдағы үйреншікті жұмысы. Дегенмен, оны түрлендіріп, дәмді етіп жабу да өнер.


Қызанақты маринадтаудың бір әдісі

фото: topkin.ru

«Қыстың қамын жаз ойла» дегендей, банка жабу мезгілі де келіп жетті. Әсіресе қызанақ пен қиярды маринадтау үйреншікті іс болып қалған. Дегенмен, дәмді етіп көкөністерді маринадтау айрықша шеберлікке де байланысты болады. Қызанақты маринадтаудың мына бір рецепті көңілден шыққан болатын. Жазып алыңыздар!

фото: aldamy.ru

Қажетті өнімдер:

  • 2,5 кг қызанақ
  • 2 л су
  • 10 тіс сарымсақ
  • 150 гр. қант
  • 50 гр. тұз
  • 9 пайыздық 2 ас қасық сірке су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен банкаларды буға қойып алыңыз. Осылайша стериделген банкаларға қызанақтарды тығыздап саласыз. Сосын қайнаған суды толтыра құясыз. Сөйтіп банканың бетіне қақпақты қойып, 20 минут қойып қою керек.
  2. Осы уақыт аралығында сарымсақтарды үккіштен өткізіп аламыз.
  3. Содан соң кастрөлге су құйып, 150 гр қант пен 50 грамм тұзды салады. 2 минуттай қайнатамыз.
  4. 20 минут өткеннен кейін банкалардың суын төгіп, үккіштен өткізілген сарымсақты саласыз. Артынша 1 ас қасық сірке суды құясыз.
  5. Дайын болған қызанақтарға кастрөлдегі қайнап тұрған суды құю керек.
  6. Артынша банкалардың қақпағын бұрап, жайғастырып қоя бересіз.
  7. Сонда маринадталған қызанақтар да қысқа дайын болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ