​4 аптаға арналған жаңа ДИЕТА

0
5 297

Жаңа жыл мерекесіне орай тартымды әрі сымбатты болғыңыз келе ме? Ендеше 4 аптаға арналған диетаны ұстаңыз.


​4 аптаға арналған жаңа ДИЕТА

Мамандар диетаның 1 айға созылғаны пайдалы әрі нәтижелі болады деп есептейді. Осы уақыт аралығында кез келген қыз-келіншек 10 келі салмақтан арылып, әдемілене түседі. Жаңа жыл қарсаңында сіз мұндай диетаның көмегімен фигураңызды қалыпқа келтіріп қана қоймай, ішкі ағзалардың жұмысын да жақсартасыз. Ендеше аса пайдалы диета мәзірімен таныс болыңыздар.


1-апта

Алғашқы аптада артық майларды жиыратын азық-түлікке басымдық берген дұрыс. Мысалы, зімбір, астық тұқымдастар, балдыркөк. Ал, алкогольді ішімдіктерді татып алмаңыз.


Таңғы ас – асқабақ пен бидай ботқасы, ірімшік пен қызанақ салынған лаваш.

Екінші таңғы ас – 50 гр. сүзбе, 100 мл йогурт және балғын жидектер.

Түскі ас – сәбіз бен гүлді қырыққабаттан дайындалған езбе, 100 гр. тауық еті, 15 мл қаймақ, көкөніс салаты.

Бесін ас – 3 дана грек жаңғағы мен қараөрік.

Кешкі ас – көкөністерден дайындалған рагу, буға піскен балық.


2-апта


Тамақтану рационынан тұзды, маринадталған тағамдарды алып тастаңыз. Таза су ішіп, таза ауада жиі серуендеңіз.

Таңғы ас – 1-2 дана кептірілген нан, жұмыртқа, зімбір шайы.

Екінші таңғы ас – үккіштен өткізілген алма мен сәбіз.

Түскі ас – сиыр етінен дайындалған фрикаделькилер мен горох қосылған сорпа, қызылша мен қараөрік салаты, буға піскен азырақ балық.

Бесін ас – тауық еті мен болгар бұрышы, қызанақ, зәйтүн майы қосылған салат.

Кешкі ас – 1-2 дана фарш пен көкөністерден дайындалған голубцы.


3-апта


Үшінші аптада балғын жеміс-жидектер мен салаттарға, жаңа сығылған шырындарға басымдық беру керек. Сонымен бірге тек тауық етін жеу ұсынылады.

Таңғы ас – сұлы жармасынан дайындалған ботқа, алма, жұмыртқа және салат жапырақтары.

Екінші таңғы ас – лимон мен бал қосылған зімбір шайы.

Түскі ас – сәбіз бен асқабақ қосылған езбе сорпа, буға піскен үндік еті, көкөніс салаты.

Бесін ас – жидектер қосылған сүзбеше.

Кешкі ас – 1 дана голубцы.


4-апта


Соңғы аптада үшінші аптаға берілген ас мәзірін пайдаланасыз. Арасында бір күн тек бір ғана азықпен диета ұстайсыз. Мысалы, тек кефир ішуге немесе жеміс-жидек жеуге болады.

4 апта көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Ал сіз осы уақыт аралығында көрікті, келісті бикешке айналасыз. Жаңа жылды осындай әдемі сымбатыңызбен қарсы алғыңыз келсе бүгіннен бастап өз-өзіңізді қолға алыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарындағы МАЙДЫ көкөністер ЖОҚ қылады


1 кг ҚҰРМА 6 кг САЛМАҚ ТАСТАУҒА көмектеседі


Диеталық ПИЦЦАЛАР мәзірі