Арықтау үшін міндетті түрде диетаға отыру ұсынылады. Оның ішінде жиі-жиі әрі аз-аздан бөліп тамақтану арқылы семіздіктен арылу өте кең тараған диеталардың бірі. Бұл диетаның сыры неде екен, білгіңіз келе ме?
Бөліп тамақтану тәртібі бойынша тағамды аз-аздан жеу керек. Бұлайша тамақтанудың мынадай екі түрі бар.
Біріншісі, қарын ашқан уақытта тамақтану. Егер бірдеңе жегіңіз келсе, бір кесек нан, печенье немесе алма жейсіз. Ал, не жеу керектігін өзіңіз шешесіз. Қарынның ашқаны басылса, дереу жеуді доғарыңыз. Сосын 15 минуттан соң тағы жегіңіз келсе, өзіңізді тежемеңіз. Сонда сіз таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтанасыз. Алайда, шектен тыс көп жеуге және жемей қоюға болмайды. Мұндайда көзге емес, асқазанға сенген дұрыс.
Диетаның екінші түрі – күні бойы жұмыс істейтіндерге қолайлы болмақ. Тамақтану уақыты мен жиілігін реттеп, күніне 5-6 рет дастарханға отырасыз. Әсіресе үш рет толықтай тамақтану міндетті. Ал, қалған уақытта 2-3 рет өзіңіз қалаған жеңіл асты тіске баса салсаңыз болғаны. Басқа диеталар секілді бөліп тамақтану кезінде де ұн өнімдері мен тәттілерді ас мәзірінен шығарып тастайсыз.
Күніне 2 литр су ішіп, ағзаны ылғалдандырып отырыңыз.
Бөліп тамақтану тәртібіне бағына алмайтындар аз. Себебі мұнда ешкімде қарынның ашқанын сезбейді. Тәбеті ашылса, аз-аздан жей алады. Сондықтан да болар, бұл жүйенің арықтауға қатысты басқалардан айырмашылығы да, жетістіктері де көбірек.
Ендеше солардың біразына тоқталайық:
- Қалаған тағамыңызды жей аласыз. Қатал диета емес. Қуырылған шұжық пен майонезге тыйым салынбайды.
- Ашығуға болмайды. Бөліп тамақтану кезінде асқазанның шырышты қыбығы «аштық гормоны» - грелинді аз бөледі. Сол себепті де біз аштықты сезінбей, көңілді жүреміз.Тағамның жалпы калориясы 15-20 пайызға төмендейді.
- Шаршауды ұмытасыз. Аз-аздан тамақтанудың пайдасы болар, күні бойы тер төгіп жұмыс жасайсыз. Осылайша қосымша калорияларды да жоямыз.
- Зат алмасу жылдамдайды. Адам неғұрлым жиі тамақтанған сайын зат алмасу жұмысы тез жүреді, ал, екі тамақтану арасы ұзарған сайын зат алмасу жүйесінің жұмысы да баяулай береді. Зат алмасу жылдамдаған сайын артық салмақтан арылу да жылдамдайды.
- Артық салмақтан өте жай арыласыз. Мысалы, айына 2 келі жоғалтуыңыз мүмкін. Бірақ, бұл жоғалтқан салмағыңыз қайта қосылмайды. Бұған мамандар кепілдік бере алады.
- Асқазан-ішек жолдарына ауырлық түспейді. Әсіресе асқазан жарасы мен басқа да аурулар кезінде мұндай диета пайдалы болмақ.
- Жас қалпыңызды сақтап қаласыз. Өйткені бөліп тамақтану кезінде бірден тәттіні де, ащыны да көп жеуге болмайды. Соның арқасында атеросклерозға, қан қымысының көтерілуіне шалдықпайтын боласыз.
- Ұйқы тынышталады. Түнгі ұйқының бұзылуы – кешкі ауыр тағамның кесірі. Ал, жеңіл әрі аз тамақтанған кезде тез ұйықтап, жайлы түс көресіз.
Бөліп тамақтанудың да "минус" жақтары бар
Бөліп тамақтанудың ең басты минусы – тағамды үнемі өзімізбен бірге алып жүре алмайтынымызда. Бірақ та бұл мәселені де шешуге болады. Егер бір күндік ас мәзірін алдын ала жоспарлайтын болсаңыз, тағамды дайындап, алып шығуға болады. Бұдан бөлек, диетаны ұстанушылар, тоқтаусыз тамақ жеуді дұрыс түсінбей жатады. Олар жеңіл астың орнына ағзаға зиянды чипсы мен жаңғақтарды жейді. Ал, бұл ретте сіз салмақ жоғалтпайсыз, керісінше майға май қосасыз.
Есте сақтаңыз! Бөліп тамақтану – барлық нәрсені жеу емес. Тамақтану кезінде ақылды іске қосыңыз.
Ас қорыту жүйесінің де демалғаны дұрыс. Ол үшін тіскебасарлар өте жеңіл әрі аз болуы керек. Сонымен қатар, тағамның майлы болмағаны дұрыс.
Маңызды! Балғын жеміс-жидектер мен көкөністерді тіскебасар ретінде жалғыз өзін жемеңіз. Олар қарынды тойдырмайды. Керісінше жемістер қышқылы тәбетті аша түседі. Оның үстіне фруктоза ағзада майдың жиналуына әсер етуі мүмкін. Ең дұрысы, көкөністер мен жеміс жидектерді құрамында ақуызы мен көмірсуы бар диеталық нандармен, ірімшікпен қосып жеген дұрыс.
Диета кезінде ұсынылатын тағамдар:
Йогурт, кефир, майсыз ірімшік пен сүзбе, дәнді дақылдардан дайындалған қатқан нандар, кептірілген нан, көкөніс және жеміс салаттары, зефир (1 дана) мармелад (1 дана).
Жеуге болмайтын тағамдар:
Кептірілген жемістер, үгітіліп тұратын печеньелер, чипсы, конфеттер, шоколад пен шұжық және шырын.
Енді бөліп тамақтануды үйренгіңіз келсе, бір күндік мәзірге назар аударыңыз!
8:00 – таңғы ас. Бір тәрелке ботқа, ірімшік салынған бутерброд, қуырылған жұмыртқа, қатқан нан, алма немесе банан, сүт қосылған кофе немесе шай.
11:00 – тіскебасар. Дәнді дақылдардан пісірілген бір кесек нан мен йогурт.
13:00 – түскі ас. Көкөніс салаты, сорпа, ет пен гарнир.
17:00 – тіскебасар. 1 шыны шай мен зефир, көкөніс салаты.
19:00 – кешкі ас. Көкөністен дайындалған гарнир мен балық, пісірме, ірімшік жеуге болады.
22:00 – кешкілік кефир ішу уақыты.
Бөліп тамақтанудың пайдасы шаш-етектен. Арықтаудан бөлек, осылайша тамақтанғаннан кейін ашығуды сезінбейтін боласыз. Яғни, артық тамақтануға жол бермейсіз. Нәтижесінде бірнеше аурудан айығасыз, әсіресе асқазан аурулары. Ағза тазарып, жасара түседі. Бөліп тамақтану кезінде асқазан-ішек жүйесінің жұмысы қалыпқа келіп, жалпы көңіл-күйіңіз көтеріледі, хал-жағдайыңыз жақсарады.
Дайындаған: Құманкүл Әти,
Тағы да оқыңыз:
10 күнде -10 КЕЛІГЕ арықтататын ЖАЗДЫҚ диета
Жазда арықтаудың ЕҢ қарапайым 5 ӘДІСІ
ШАКИРА күніне 8 рет тамақтанады - БИКИНИ киюінің ең басты құпиясы да осында