​7 күнде 10 келі салмақтан арылтатын диета

0
17 338


​7 күнде 10 келі салмақтан арылтатын диета

Әдетте тез арықтау денсаулыққа зиян деп жатады. Алайда арықтаудың дұрыс жолын тапсаңыз, ағзаға ешбір зияны тимейтініне көзіңіз жетсе, онда неге қолданбасқа?! Бұл диета семіздіктен арылуды жан-тәнімен қалайтын жандарға арналған. Өйткені олар сырт сымбатының тартымдылығын арттыру үшін барлық қиындықтарды жеңуге дайын болады. Олай болса, диетаны бастайық!


1-күн: Сұйықтықты қорек етесіз.

Барлық сусындарды ішуге рұқсат етілген. Сондай-ақ, сорпа ішуге де болады.

2-күн: Көкөністер жейміз.

Ас мәзіріне көкөністерден дайындалған салаттар кіреді. Құрамында қырыққабаттың болуы маңызды. Себебі қырыққабат майды ерітуші болып саналады.

3-күн: Тек су ішу.

Емдәмнің алғашқы күнінде не ішсеңіз, дәл соны қайталауға болады. Тек газдалған сусындардан бас тартсаңыз болғаны.

4-күн: Жеміс-жидек.

Бұл күні сіз қалаған жеміс-жидектерді жей аласыз. Бірақ та міндетті түрде грейпфрут алуды ұмытпаңыз.

5-күн: Ақуыздан тұрады.

Ас мәзіріне жұмыртқа мен тауық етін қосыңыз. Барлығын қайнатып жеу керек. Арасында йогурт ішуге болады.

6-күн: Тағы да сұйықтықты қорек етесіз.

7-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа.

Екінші таңғы ас: Жемістер

Түскі ас: Күріш пен қарақұмық сорпасы.

Бесін ас: Жемістер.

Кешкі ас: Көкөністерден дайындалған салат. Тұз бен өсімдік майын қосуға болады.

7 күнде 10 келі салмақ тастаудың құпиясы осында. Әрине, оңай деп айта алмаймыз. Дегенмен, арманыңыздағы сымбатқа қол жеткіңіз келсе, шыдайсыз. Болмаса осылай топ-томпақ болып жүре бересіз.


«Қатал диета»

Бұл емдәмнің де ұзақтығы 7 күнге созылады. Бірақ алғашқы диетаға қарағанда әлдеқайда қатал. Мұндай диетаға тек денсаулығына сенімді жандар ғана отыра алады. Ал, қандай да бір созылмалы ауруға шалдыққандарға ашығудың қажеті жоқ. Дегенмен, дені сау жандардың арасында да бұл қатал диетаны ұстанатындар аз. Өйткені аты айтып тұрғандай өте «қатал».

7 күнде 10 келі салмақтан арылғыңыз келсе біз ұсынған мәзірді ғана пайдаланасыз. Сонда ғана сіз осы мақсатқа жетесіз.

Бірінші және екінші күндері тек 1%-дық кефир ішуге рұқсат етіледі. Қанша ішемін десеңіз де өз еркіңізде.

Үшінші күні алманың қышқыл түрін ғана жейсіз.

Төртінші, бесінші, алтыншы күндері тауық етін қайнатып немесе майсыз қуырып жеуге болады.

Жетінші күні тек жеңіл қызыл шарап ішіп, қатты сыр жеу ұсынылады. Әрбір бокал шарапқа 30 гр сыр желінуі тиіс.

Есте сақтаңыз! Бұл қатал диета майларды ерітіп, ағзадан артық суды шығарады. Сондықтан да күні бой су ішуді тоқтатпаңыз. Бірақ күндік мөлшері 2 литрден аспағаны дұрыс.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ