7 күнде 7 келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА 90 пайыз судан тұратын көкөніс КӨМЕКТЕСЕДІ

0
6 241

7 күнде жеті келі салмақ тастауға көмектесетін, 90 пайыз судан тұратын көкөніс бар. Оның пайдасы да ұшан-теңіз.


7 күнде 7 келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА 90 пайыз судан тұратын көкөніс КӨМЕКТЕСЕДІ

Жаз айлары да жақындап қалды. Жарқыраған күн шуағы адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жанын жадыратады. Алайда, осынау жаз мезгілін артық салмақтан зардап шегіп жүргендер шаттана қарсы ала қоймайтыны белгілі. Әдемі көйлектен бөлек, суға шомылатын киімдерді киюден қымсынатындар үшін бұл мәселемен күресудің жолы бар.

Жаздың өзі осындай қиындықпен күресуге мүмкіндігін молынан ұсынған. Соның бірі - көкөністердің молынан пісуі және қолжетімді арзан болуы.

Иә, артық салмақпен күресудің жолын ісдесеңіз, оңай әрі қолжетімді диета түрін ұсынбақпыз. Ең негізгі тағам – қияр болмақ. Егер сіз бұл көкөністі сүйіп жейтін болсаңыз, онда тіптен жақсы.



Жазда қияр өте қолжетімді көкөністердің бірі болады. Сондықтан да қиярдан құралған диетаны таңдап отырмыз. Ал, нәтижесі сіз ойлағаннан да таңқаларлықтай болары сөзсіз. Бір апта ішінде сымбатыңыз сымдай керіліп, айналаңызға тәкаппарлықпен қарайтын боласыз. Бірақ, алдымен қиярдың ағзаға тигізер пайдасымен танысып алыңыз.


Қиярдың пайдасы

  1. Қиярдың тек 10 пайызы ғана жасұнақтан, минералдар мен дәрумендерден тұрады. Ал, қалған 90 пайызы судан құралған. Оның 100 грамында 15 калория ғана бар.
  2. Қиярда дәрумендер соншалықты көп болмағанымен, минералды заттар баршылық. Мысалы, калий, магний, мыс, мырыш, фосфор, кальций және марганецтерді айтуға болады. Аталған минералды заттарды күн сайын адам ағзасы қажет етеді. Сол себепті де қиярды әрбір тамақтануда ас мәзіріне қосу маңызды.
  3. Калориясы төмен көкөніс болғанына қарамастан, қиярды 1 стақан судың орнына ішуге болады. Сонда шөліңіз қанып, ағзаны пайдалы дәрумендермен байытасыз.
  4. Қиярды пайдаланарда қабығын аршудың қажеті жоқ. Өйткені оның қабығындағы ірі талшықтар ішекті тазалайды, ағзадан токсиндер мен шлактарды шығарады. Егер қиярдың қабығы тым қатты не қалың болса, үккіштен өткізген дұрыс.
  5. Қияр шырынының несеп айдайтын қасиеті бар. Сондықтан да мұндай шырынды күн сайын ішіп отыру керек. Сонда ағзадағы су теңгерімі (балансы) қалыпқа келіп, ісінуден арылатын боласыз.
  6. Қиярдың өте пайдалы әрі біздің ағзамыз үшін өте қажетті көкөніс екенін білген болсаңыз, төмендегі диетаны ешбір қарсылықсыз қолға аларыңыз сөзсіз.


7 күндік қияр диетасы


Суреттер ашық дереккөздерден алынды.


1-күн

Таңғы ас: 2 дана қияр, майсыз 1 тілім ірімшік, қара нан мен көк шай.

Екінші таңғы ас: орташа көлемдегі 1 дана алма.

Түскі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, аскөк, зәйтүн майы қосылған қияр салаты.

Бесін ас: орташа көлемдегі апельсин.

Кешкі ас: аскөк қосылған қияр салаты, 2 пайыздық азырақ сүзбе, көк шай.


2-күн

Таңғы ас: 2 дана қуырылған жұмыртқа (табаның қақпағын жауып, буға пісірген дұрыс). Аскөк қосылған қияр салаты, көк шай.

Екінші таңғы ас: алма.

Түскі ас: Йогуртпен араластырылған шалғам мен қияр салаты, қайнатғлан тауық еті.

Бесін ас: апельсин.

Кешкі ас: Аскөк пен қияр салаты, майсыз сүзбе, көк шай.


3-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа мен сүт, аскөк қосып дайындалған омлет, қияр, көк шай.

Екінші таңғы ас: Қалауыңызға қарай жидек жеңіз.

Түскі ас: Қайнатылған балық, қайнатылған күріш, қызанақ пен қияр салаты.

Бесін ас: Қалаған жемісіңізді жейсіз.

Кешкі ас: Аскөк пен қияр салаты, майсыз сүзбе, көк шай.


4-күн

Таңғы ас: 2 дана қияр, майсыз ірімшік, бір тілім қара нан, көк шай.

Екінші таңғы ас: жидектер немесе жаңғақ жеуге болады.

Түскі ас: буға піскен көкөністер, тауық етінен дайындалған пісірме.

Бесін ас: Қалаған жеміс-жидекті жеуге болады.

Кешкі ас: Аскөк пен қияр қосылған салат, 2 пайыздық майсыз сүзбе мен көк шай.


5-күн

Таңғы ас: 2 дана қуырылған жұмыртқа (табаның қақпағын жауып, буға пісірген дұрыс). Аскөк қосылған қияр салаты, көк шай.

Екінші таңғы ас: алма немесе жаңғақ.

Түскі ас: Қырыққабат пен қияр салаты, балықтан дайындалған пісірме.

Бесін ас: апельсин.

Кешкі ас: Аскөк пен қияр салаты, майсыз сүзбе, көк шай.


6-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа мен сүт, аскөк қосып дайындалған омлет, қияр, көк шай.

Екінші таңғы ас: Қалауыңызға қарай жидек жеңіз.

Түскі ас: Тауық еті мен көкөністерден дайындалған сорпа, бір тілім нан.

Бесін ас: Қалаған жемісіңізді жейсіз.

Кешкі ас: Аскөк пен қияр салаты, майсыз сүзбе, көк шай.


7-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, зәйтүн майы, аскөк, қияр қосылған салат, 1 тілім қара нан.

Екінші таңғы ас: Жаңғақтар.

Түскі ас: Көкөніс сорпасы, қайнатылған балық, шалғам мен аскөк, қияр қосылған салат.

Бесін ас: Қалаған жемісіңізді жейсіз.

Кешкі ас: Аскөк пен қияр салаты, майсыз сүзбе, көк шай.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"Ораза - диетаның бір түрі" дегенге қосыласыз ба?


Бананмен арықтаған да пайдалы


72 сағат бойы бауырды тазалап, ОП-ОҢАЙ 5 келі салмақтан арыла аласыз