Дұрыс тамақтану арқылы әркім өз қалағанындай дене бітімге қол жеткізе алады. Өйткені дұрыс тамақтану ағзаны зиянды токсиндерден тазартып, асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіреді.
фото: 1.bp.blogspot.com
Дұрыс тамақтану арқылы әркім өз қалағанындай дене бітімге қол жеткізе алады. Өйткені дұрыс тамақтану ағзаны зиянды токсиндерден тазартып, асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіруге болады. Ал, күнделікті майлы, қуырылған тағамдарды тұтынатын болсаңыз, ішкі ағзалардың жыл сайын, тіпті, ай сайын, күн сайын қызметі бұзылып, жұмысы нашарлайды.
Міне, сондықтан да диетологтар дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты да қалыпқа келтіруге, сымбатты болуға да болатынын айтуда. Осы орайда сіз де өзіңіздің дұрыс не бұрыс тамақтанып жүргеніңізді анықтағыңыз келетін шығар?!
Олай болса, төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру арқылы, қалай тамақтанып жүргеніңізді біліңіз. «ИӘ» жауабы үшін 1 балл, «ЖОҚ» жауабына 0 балл беріледі.
фото: qkz.kz
- Сіз ас мәзірін түрлендіріп отырасыз ба?
- Сіз күн сайын көкөністерді пайдаланасыз ба?
- Тұмауратып ауырып жатсаңыз не болмаса қолыңыз тимей жатса да тамақтануға уақыт табасыз ба? Әлде жұмысымды бітіріп алайын немесе жазылған соң жей салармын дейсіз бе?
- Күнделікті жеміс-жидектерді тамақтану рационыңызға қосып отырасыз ба? Шырын ішесіз бе?
- Су немесе шырынды тамақтанудан 30 минут бұрын ішесіз бе?
- Күріш, сұлы, қарақұмық және т.б. дәнді-дақындарды аптасына кем дегенде 3 рет дайындайсыз ба?
- Аптасына екі рет балық жеуді әдетке айналдырғансыз ба?
- Алкогольді ішімдіктер ішесіз бе?
- Таңғы асты тастамайсыз ба?
- Тәтті газды суды ішесіз бе?
- Тәулік бойына 6-8 стақан таза су ішіп жүрсіз бе?
- Құрамында қанты көп тағамдарды жеуден бас тартасыз ба?
- Сондай-ақ, құрамында бояулар мен консерванттары бар азық-түлікті сатып аласыз ба?
- Басыңызға іс түскенде, стрестік жағдайда мәселені шешуге тырысасыз ба әлде тамақтану арқылы өзіңізді ашуыңызды басуға тырысасыз ба?
- Айына кем дегенде екі рет «жеңілдетілген диета» (разгрузочный день) ұстана аласыз ба?
- Сіз тағамды асықпай, барынша шайнап жейсіз ба?
- Көкөкністерді, жемістерді аптасына 4-5 рет шикілей жеп тұрасыз ба?
- Кешкілік уақытта ешқашан майлы, қуырылған, ауыр тағамдармен тоя тамақтанбайсыз?
- Сіз азық-түліктердің үйлесімділігін білесіз бе?
- Кітап оқып отырып немесе деледидар қарағанда тамақтанасыз ба?
Сұрақтарға жауап берген болсаңыз, жинаған балыңызға қарай қаншалықты дұрыс тамақтанып жүргеніңізді біліңіз.
17-20 балл – ең керемет көрсеткіш! Сіз дұрыс тамақтануды білесіз. Әлдеқашан қолға алып та қойған сияқтысыз. Ендеше, дәл осылай жалғастыра беріңіз. Дұрыс тамақтану – мықты денсаулықтың кепілі екенін ұмытпағайсыз.
12-16 балл – Сіз де дұрыс тамақтануды қолға алған екенсіз. Алайда әлі де жеткіліксіз. Дұрыс тамақтануды бастаған алғашқы 5-6 күннен соң қайта бұрынғы әдетіңізге басасыз. Ең бастысы мынадай шындықты есте ұстасаңыз болғаны: «Тамақ – бұл әрі денсаулық, әрі ағзаның уы». Сондықтандан күнделікті үйреншікті тамақтану рационын өзгертуге тырысыңыз. Сонда сіз өзіңізді өте жақсы сезінетін боласыз. Дене-бітіміңіз де қалыпқа келеді.
11 және одан төменгі балдар – Сіз денсаулығыңызға мүлде көңіл бөлмейтін жансыз. Сымбатыңыздың «сын көтермейтіні» де сондықтан. Дұрыс тамақтануға байланысты жазбаларды, кітаптарды көбірек оқып, танысуға кеңес береміз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
3 күнде 5 кг-ға арықтататын ДИЕТАЛАР - ТОП-10