​Байқатпай АРЫҚТАТАТЫН 7 ӘДІС

0
2 660

Арықтағыңыз келеді, бірақ қолыңыздан келмей жүр ме? Бұл әдістерді пайдалансаңыз, қалай арықтағаныңызды сезбей де қаласыз. Ендеше мына 7 әдісті пайдаланып көріңіз!


​Байқатпай АРЫҚТАТАТЫН 7 ӘДІС

Арықтау да адамнан әжептеуір сабыр мен шыдамдылықты талап етеді. Олай болмаған күнде семіздіктен арылу тек қиялыңызда қалып қояры анық. Сондықтан да мына әдістерді пайдалансаңыз, салмағыңыз да азаяды, денсаулығыңызды да нығайтасыз. Көп күшіңізді де жоғалтпайсыз.


Зиянды тағамдардан бас тартыңыз!

Тағы да оқыңыз: 8 наурызға дейін 12 келі салмақ тастаңыз!

Мұндай тағамдарды тек жексенбі күні ғана жеуге әдеттеніңіз. Өйткені демалыс күндері кездесу кештері, жиын-тойлар болатыны белгілі. Міне, осындайда кім де болсын өз-өзін қолға ала алмайды. Ал, сіз керісінше жексенбі күні өзіңізге демалыс жариялап, қалағаныңызды жеп алыңыз.


Тағам көлемін азайтыңыз!


Жексенбі күні жеуге болады екен деп барлық тағамға «бас салып» жүрмеңіз. Әр нәрсенің шегі бар. Мәселен, бір кесек пирогты бірден жеп тауыспай, оны бірнеше рет бөліп жеңіз. Тағамды да дәл солай азайтсаңыз, біртіндеп сол дағдыға айналатын болады.


Ғаламторға көп уақыт жұмсамаңыз!


Әсіресе инстаграм желісінде кездесетін түрлі тағамдардың дайындалу тәсілдерін мүлде қарамаңыз. Дәмді әрі тағамдардың суреті тәбетіңізді ашып, одан сайын сіздің араныңызды аша түседі.

Тағы да оқыңыз: 8 наурызға дейін 12 келі салмақ тастаңыз!

Азық-түліктерге өзгерту енгізіңіз!

Әрине, сіз шұжықтың орнына аскөк немесе салат жапырағын жазбайтыныңыз түсінікті. Дегенмен, аскөк пен жеміс-жидекті, көкөністерді көбірек алған дұрыс. Бұл әдісті де біртіндеп өз өміріңіздің бір қағидасына айналдырасыз.


Фастфудтан бас тартыңыз!


Бұлай деу, әрине, оңай! Дегенмен, фастфуд өнімдерін тамақтану рационыңыздан жаймен шығарып тастауға болатынын ұмытпаңыз. Мысалы, бірінші айда газды суды ішпеуді қолға алсаңыз, келесі айда картоптан дайындалған фриді өз рационыңыздан біржолата алыстатасыз.


Тоңазытқыштың босап қалуына жол бермеңіз!

Егер тоңазытқыштан жейтін ешнәрсе таппасаңыз, сіз міндетті түрде жақын маңнан жеңіл тағамды сатып алып жейсіз. Сондықтан да тоңазытқышты барынша пайдалы тағаммен толтырып қоюға тырысыңыз. Бұл әдіс сізге көмектесетініне сенімдіміз.


Теледидар алдында тамақтанбаңыз!


Теледидар алдында отырып тамақтанудың зиянды екенін көп оқыған боларсыздар. Бірақ, осы күнге дейін мән бермей келдіңіз бе? Олай болса, бүгіннен бастап бұл әдетіңізді қойыңыз. Теледидар көріп отырып тамақтансаңыз қарныңыздың тойғанын сезбей, артық жеп қоятыныңыз сөзсіз. Сол себепті де дәл осы әдісті пайдаланып көріңіз. Ешқашан теледидар қарап отырып тамақтанбаңыз. Сонда нәтижесіне өзіңіздің де көзіңіз жететін болады.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


8 наурызға дейін 12 келі салмақ тастаңыз!

Диеталық мәзір: Мұндай ҚҰЙМАҚ СЕМІРТПЕЙДІ


АРЫҚТАУҒА көмектесетін ЕҢ күшті ҚҰРАЛ