Бананмен диета ұстаған өте пайдалы. Әсіресе емдәм кезінде аштықты сезінбейсіз. Арықтауды армандайтындарға ең керектісі де осы емес пе?!
Банан жемісінің пайдалы екенін кішкентай бүлдіршіндерге дейін біледі. Алайда оның арықтауға көмектесетін қасиетін көпшілік біле бермейді. Ендеше бүгін бананның пайдалы қасиеттері мен емдәміне тоқталатын боламыз.
Банан – өте пайдалы әрі құнарлы жеміс. Бананнан минералды заттарды, алма қышқылы, фосфор, магний, ферменттер, кальций, калий, натрий, А, В, С, Е, РР дәрумендері мен табиғи қантты табуға болады. Осындай бай құрамы болғанына қарамастан банан диеталық тағам болып саналады. Сонымен қатар, жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары, анемия, бауыр, бүйрек, өт аурулары және артық салмақтан арылу сынды көптеген аурулардың алдын алады. Оның қатты пісіп кеткенін емес, көктеу түрін сатып алған дұрыс. Сөйтіп таңғы, түскі және бесін уақыттарында жеу керек. Сұлулық пен сымбаттылыққа жеткізетін керемет жеміс салмақ жоғалтуға септігін тигізіп, нәзікжандылардың сымбатын сымдай тартуға көмектеседі екен. Алайда, диета мәзірі тек бананнан тұрмайды.
4 күндік БАНАН диетасы
Бірінші және үшінші күні:
Таңғы ас: Майсыз сүзбе + грейпфрут.
Түскі ас: Сүзбе + банан
Кешкі ас: Сүзбе + грейпфрут.
(Таңғы асқа сүт өнімдерін қосуға болады).
Екінші және төртінші күні:
Таңғы ас: банан + сүт.
Түскі ас: банан + қайнатылған 2 жұмыртқа.
Кешкі ас: банан + тауықтың төс еті.
Банан + кефир диетасы
Суреттер ашық дереккөздерден алынды.
Қолжетімді диета саналатын «банан + кефир» емдәмі арқылы ойланбай-ақ 5-7 келі артық майдан арыла аласыз. Өйткені бұл қатал диеталардың бір түрі. Егер, арықтауды қатты қаласаңыз, шыдауға тура келеді. Ол үшін…
Диетаға қажеттілер:
- 5 дана банан
- 1 л кефир.
Күні бойы банан жеп, кефир ішумен шектелесіз. Бір аптаға шыдамыңыз жетсе, бастап көріңіз!
Аударған: Қ.Әти,
Тағы да оқыңыз:
72 сағат бойы бауырды тазалап, ОП-ОҢАЙ 5 келі салмақтан арыла аласыз
Бір күндік диета: ШАЛҒАМ жеп те САЛМАҚ тастауға болады