Қыздай болғыңыз келсе - бала ЕМІЗЕТІН әйелдерге арналған ДҰРЫС диета

0
12 014

Қыз күніңіздегі сымбатыңызды қайтарғыңыз келсе, БҰЛ ДИЕТА Сізге арналады.


Қыздай болғыңыз келсе - бала ЕМІЗЕТІН әйелдерге арналған ДҰРЫС диета

Бала емізе жүріп, қыз күніңіздегідей сымбатыңызға қол жеткізуді қаласаңыз тамақтану рационыңызға мән беріңіз. Егер жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан босанғаннан кейінгі 6 ай ішінде арылмасаңыз болмайды. Ары қарай салмағыңызға салмақ қосылып, семіздіктен арылу қиындай түседі. Дәл осылай семіруді жалғастыра берсеңіз бел, арқа аурулары, эндокринді бұзылыстар, тамырда пайда болатын варикоз ауруларына шалдығуыңыз ғажап емес. Тіпті, артық салмақтың әсерінен қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы секілді адам өміріне қауіп төндіретін аурулар да сізді айналып өтпеуі мүмкін. Сол себепті емізулі аналар да дене бітіміне мән беріп, өз-өздерін қолға алғаны дұрыс.


Глютенсіз диета

Аталмыш диета әлем бойынша өте көп тараған емдәм түрі деп айтуға болады. Арықтаудың ең тиімді әрі ешбір зиянсыз тәсілі.

Глютен көбіне кондитер өнімдерінде, нан мен бөлішкелерде, балмұздақ, жартылай дайын өнімдер, дәмдеуіштер, ет пен балық консервілерінде, шұжықта болады. Сондықтан да төмендегі рұқсат етілген тағам түрлеріне аса назар аударған жөн.


Ұсынылатын тағамдар

  • Майсыз, қайнатылған не бұқтырылған, буға піскен ет

  • Майсыз етпен қайнатылған сорпалар

  • Тары, күріш, қарақұмық ботқалары

  • Қайнатылған тауық жұмыртқасы

  • Сүт және қышқыл сүт өнімдері

  • Сәбіз, қызылша және жеміс-жидектер

  • Өсімдік майы, сары май

  • Нан алмастырғыштар мен макарон

  • Бал

  • Жидектерден дайындалған сусындар, жеміс кисельдері, жапырақ шай



1 күндік ас мәзірі

Таңғы ас: сүтке піскен күріш ботқасы, балғын жидектер, 1-2 шыны жапырақ шай.

Екінші таңғы ас: кептірілген жемістерден дайындалған компот, жүгері ұнынан дайындалған 1 тілім нан.

Түскі ас: Майсыз еттен дайындалған күріш қосылған сорпа, қарақұмықтан жасалған құймақ, жидектерден дайындалған морс, пеште піскен балық, көкөніс салаты.

Бесін ас:жемістер, газсыз минералды су.

Кешкі ас: Қарақұмық ботқасы, бұқтырылған көкөністер, кефир, 1 шай қасық бал.

Глютенсіз диетаны 1 апта бойы ұстайтын болсаңыз 2-4 келіге дейін салмақ жоғалтасыз.


Ақуызға бай диета мәзірі


Жас босанған ананың бойындағы артық салмақтан арылу тым оңай шаруа емес. Дегенмен жай-жай адымдай жүріп, сымбатты қалыпқа келтіруге болады. Ендеше төмендегі ас мәзірі құнарлы тамақтануды ұнататындарға арналады.


Дүйсенбі

Таңғы ас: сұлы жармасы салынған сүт көже, банан немесе алма.

Түскі ас: бауыр мен күріштен дайындалған пісірме, бөлішке, 20 гр. қатты ірімшік.

Кешкі ас: 100 гр. қайнатылған тауық бауыры, көкөніс салаты.


Сейсенбі

Таңғы ас: қайнатылған жұмыртқа, 1 тілім қатқан нан, алма қосылған шай.

Түскі ас: банан, 200 гр. қайнатылған лобия, 2 тілім қатқан нан (тост)

Кешкі ас: қайнатылған майсыз тауық аяғы, 120 гр. піскен картоп, 50 гр. бұқтырылған сәбіз, 1 дана пеште піскен алма.


Сәрсенбі

Таңғы ас: банан, сұлы ботқасы, йогурт.

Түскі ас: 1 тілім ет, 2 дана қатқан нан (тост), 1 стақан йогурт.

Кешкі ас: қызылша салаты, 25 гр. қатты ірімшік, 2 тілім диеталық нан.


Бейсенбі

Таңғы ас: 100 гр. консервіленген қызанақ, 20 гр. қатты ірімшік.

Түскі ас: 2 тілім қара нан, 100 гр. қайнатылған лобия, банан.

Кешкі ас: 100 гр. буға піскен майсыз балық.


Жұма

Таңғы ас:25 гр. қатты ірімшік, пешке піскен алма.

Түскі ас: көкөніс салаты, шабдалы немесе алмұрт.

Кешкі ас: тауықтың төс еті, буға піскен сәбіз, 2 тілім қатқан нан (тост).


Сенбі

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқадан дайындалған омлет, 1 дана банан.

Түскі ас: көкөніс салаты, 1 тост, 3 дана кез келген жеміс.

Кешкі ас: қайнатылған майсыз тауық аяғы,апельсин.


Жексенбі

Таңғы ас: 1 стақан жеміс шырыны.

Түскі ас: азырақ көкөніс пен ет бұқтырмасы, 2 тілім қатқан нан, йогурт.

Кешкі ас: 200 гр. гүлді қырыққабат пен ірімшік пісірмесі, банан.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Қызанақ шырынымен бір аптада 7 КЕЛІ САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады


Созылған ҚАРЫНДЫ кішірейтудің ЕҢ ТИІМДІ тәсілі


Ашқарынға ОСЫ МАЙДЫ ішкенде тез САЛМАҚ ТАСТАЙДЫ