Қыз-келіншектер сырт бейнесі тартымды, нәзік болу үшін қалағанын жей алмайды. Әдемі мүсін мен келісті келбетті түбірімен жоятын азық-түліктер бар екен.
Нәзіктік қыз-келіншектерге ғана берілген қасиет. Оны сақтап қалу да біздің міндетіміз. Ал, бел мен қарынды май басып, иегіңіз қатпарлана бастаса әйелдік қасиеттен жұрдай болғаныңыз. Ендеше, сымбатты әрі мінсіз бейнеңізді сақтап қалғыңыз келсе, мына 10 азық-түлікті тамақтану рационыңызға жиі қоспағаныңыз жөн.
Алкогольді сусындар
Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?
Алкогольді ішімдік қарынның ашқанын сездіртетін, сол туралы миға ең бірінші болып хабар беретін сұйықтықтардың бірі. Сөйтіп кез келген адам масайрағаннан кейін өзінің шамадан тыс көп жеп қойғанын байқамай да қалады. Сонымен қатар, ішімдіктің құрамы өте жоғары калориялы қоспалардан тұратынын да ұмытпау керек.
Алкогольсіз сусындар
Мұндай сусындарда нәрлі заттар мүлде жоқ. Соған қарамастан қарынға май жинауға септігін тигізеді екен. Бұдан бөлек, зат алмасу жұмысын баяулатып, ішкі ағзалар жұмысына да кері әсерін тигізеді екен.
Сағыз
Сағыз шайнау кезінде ми белсенді жұмыс істеп, асқазанға тағы да тағам түскелі жатқанын жеткізеді. Алайда, сағыз шайнағанда ешқандай тағам қарынға түспейді. Бірақ, өкінішке орай, шайнау процесін ми солай қабылдайды. Сөйтіп, асқазан көбірек қышқыл бөліп, шынымен де қарныңыз ашатын болады. Сол себепті де сағызды бей берекет шайнай беруге болмайды.
Тұздалған тағамдар
Тұздалған тағамдар натрийге бай болатыны белгілі. Ал, натрий артериалық қан қысымын көтеріп, денедегі артық майдың еруіне жол бермейді. Егерде қарын мен бөкседегі артық майлардан арылғыңыз келсе, құрамында натриі аз азық-түліктерді таңдап, содан кейін диета ұстаған абзал.
Тез дайындалатын майлы тағамдар
Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?
Арықтағысы келетін қыз-келіншектер ас мәзіріне майлы тағамдарды қоспайды деп үміттенеміз. Себебі, күніне 200 калориядан тұратын майлы әрі тез дайындалатын тағамдарды жейтін болсаңыз, бұл әрекетіңізден түк те шықпайды. Өйткені артық салмақтан арылу кезінде азық-түліктің құрамы өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан да 1200-1500 ккал тағамның майсыз әрі пайдалы екеніне көз жеткізіңіз.
Тұздықтар
Тұздықтардың барлығы бірдей зиянды деп айта алмаймыз. Дегенмен құрамы майлы тұздықтарды шектеп шеген дұрыс. Мысалы, кетчеу, майонез және барбекю тұздығы.
Көмірсулар
Көмірсулардың барлығы бірдей әсер етпейді. Сіздерге бар болғаны қарынға май жинамайтын, энергияңызды сақтауға көмектсетін пайдалы көмірсуды тауып алу керек. Мәселен, жаңғақтаржа, дәндерде, асбұршақтар мен көкөністерде көмірсудың пайдалы түрлері бар деп айтуға болады.
Балмұздақ
Тәтті тағамның бәріне қант қосылатындықтан семіздіктен арыла алмай жүргендерге оның түс те пайдасы жоқ. Сол секілді балмұздақ та қарындағы майды екі еселеп, екінші иектің шығуына септігін тигізетін тәттілердің бірі. Қазіргі таңда күннің суықтығына қарамай балмұздақтар сатыла береді. Оны сіз жыл он екі ай бойы жегіңіз келсе, қалаған жеріңізден таба аласыз. Алайда, арықтауға қол жеткізе алмайсыз. Осыны ұмытпаңыз!
Шикі көкөністер
Пісірілмеген жемістер мен көкөністер қарыннан көп орын алып, оны шығыңқы етері сөзсіз. Ал, піскен көкөністер мен жемістер керісінше соншалықты көп орынды ала қоймайды. Дегенмен, қайсысын жесеңіз де өз қалауыңыз. Дегенмен, тез арықтау үшін көкөністерді пісіріп жеген дұрыс.
Сүт өнімдері
Ірімшік пен сүт асқазанда жай қорытылады. Оның үстіне бұл тағамдар ағзаға диета кезінде тамақтану рационына қосуға болмайтын көмірсулар мен майларды тасымалдайды.
Дұрыс тамақтануды қолдасаңыз, ас мәзіріне – йогурт, ақуыз, сұйықтық, жемістер мен жасұнық және сорпа тағамдарын қосқаныңыз жөн.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
БЕДЕУЛІКтен арылуға КӨМЕКТЕСЕтін диета