САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН тәттілер:"Қызыл барқыт", "Вупипай", "Сникерс"

0
8 595

Калориясы төмен, семіруге жол бермейтін торттарды өзіңіз де пісіре аласыз.


САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН тәттілер:

Тәттілерді де калориясы төмен әрі артық салмақ қоспайтындай етіп пісіруге болады. Ол үшін құрамына мән беру керектігін ұмытпаңыз. Мысалы, бидай ұнын күріш немесе жүгері ұнымен алмастырып, қант алмастырғыш қосасыз. Осындай өнімдермен де өте дәмді тәттілер дайындап, семіздікке бой алдырмауға мүмкіндігіңіз бар.

Ендеше үйде өз қолымызбен калориясыз «Қызыл барқыт», «Вупипай», «Сникерс» тәттілерін пісіруді үйренейік.


«Қызыл барқыт» тәттісі



Қажетті өнімдер:
  • 4 дана жұмыртқа
  • 2,5%-дық 150 гр. айран
  • 100 гр. алма езбесі
  • 80 гр. сұлы ұны
  • 15 гр. кокос ұны
  • 25 гр. күріш ұны
  • 10 гр. какао
  • 15-20 гр. қант алмастырғыш
  • 5 гр. қамырқопсытқыш
  • 3 гр. ас содасы
  • Арнайы қызыл бояғыш

Джем жасау үшін:

  • 200 гр. таңқурай
  • 5-7 гр. қант алмастырғыш
  • 10 гр. жүгері крахмалы
  • Азырақ сүт
  • Креміне:
  • 250 гр. сүзбелі ірімшік (творожный сыр)
  • 170 гр. жұмсақ сүзбе
  • 2-3 гр. қант алмастырғыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен барлық сұйық қоспаларды бір ыдысқа құйып, жақсылап араластырып аламыз. Ал, құрғақ қоспаларды електен өткізіп, сұйық қоспалармен араластыру керек. Миксермен араластыруға да болады.
  2. Енді қызыл бояғышымызды қосып, оны да миксермен тағы бір араластырып жібереміз.
  3. Осылайша дайындалған сұйық қамырымызды формаға құйып, қызып тұрған пеште пісіреміз.
  4. Ал, джемді дайындау үшін табаққа таңқурай мен қант алмастырғышты, жүгері крахмалын салып, баяу отқа қоямыз. Таңқурай езілген кезде оттан ала беруге болады.
  5. Кремін дайыyдау үшін қажетті қоспаларды бір ыдысқа салып, миксерлеу қажет. Содан соң барлығын бір ыдысқа салу ғана қалады. Ол үшін піскен коржды блендермен немесе қолмен майдалап алыңыз. Сосын стақанға алдымен кремді салып, оның бетіне майдаланған коржды, үшінші қабатқа джемді салыңыз. Беткі жағын таңқураймен әсемдеп, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Сонда корж жұмсарып, дәмі кір түседі.


«Вупипай»



Қажетті өнімдер:

Қамыр үшін:

  • 130 гр. сұлы ұны
  • 1 дана жұмыртқа
  • 80 гр. алма езбесі
  • 100 гр. сүт
  • 20 гр. какао
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • 30 мл ыстық су
  • 3 ас шай қасық қант алмастырғыш
  • Шым-шым тұз

Крем үшін:

  • 100 гр. жұмсақ сүзбе
  • 50 гр. рикотта ірімшігі
  • Дәміне қарай қант алмастырғыш, ванилин.

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа жұмыртқаны, алма езбесін, сүт пен ас содасын, ұн, қант алмастырғыш және тұзды салып, барлығын жақсылап араластырасыз. Сонда сұйық қамыр шығуы керек.
  2. Ыстық су мен какаоны салып, тағы бір араластырасыз. Сонда қамыр қоюлана бастайды.
  3. Осылайша дайындалған қамырды енді домалақ қалыпта пергамент қағазы салынған табаға қасықпен салып шығасыз.
  4. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, 10 минуттайпісіреміз.
  5. Корж дайын болғанша кремді дайындау беруге болады. Ол үшін сүзбені, рикотта ірімшігін, қант алмастырғыш пен ванилинді араластыру керек. Кремді тәтті қылып жасаған дұрыс.
  6. Осы уақыт аралығында корждар да пісіп дайын боп қалады. Пісіп шыққан корждардың бетіне кремді жағып, екіншісін бетіне қоямыз. Сонда кішкентай-кішкентай вупипай торттары шығады. Дайын болған тәттілерді 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз.


«Сникерс» торты



Қажетті өнімдер:

  • 3 дана жұмыртқа
  • 50 гр. күріш ұны, 20 гр. жүгері ұны
  • 150 гр. қоспаларсыз дайындалған йогурт
  • 0,5 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • Қант алмастырғыш, ванилин
  • 70 гр. какао

Карамель үшін:

  • 20 гр. құрғақ, майсыз сүт
  • 100 гр. сүт
  • 5 гр. жүгері крахмалы
  • 40 гр. жержаңғақ
  • Креміне:
  • 125 гр. жұмсақ сүзбе
  • 130 гр. рикотта ірімшігі
  • 100 гр. сүзбелі ірімшік
  • Ванилин
  • 25 гр. жержаңғақ пастасы
  • Қант алмастырғыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қамырын дайындау үшін жұмыртқаның сары уызы мен ағын бөліп аламыз. Сары уызына йогуртты құйып, қант алмастырғыш пен ванилинді саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, алдын ала електен өткізілген құрғақ қоспаларды қосамыз. Жұмыртқаның ақ уызын тұз қосып миксерлеп, аз-аздан қамырға қосып, араластырамыз. Пешті 180 градусқа қойып қыздыруды ұмытпаймыз.
  2. Қамырды формаға құйып, пешке саламыз.
  3. Карамелін дайындайық. Ол үшін құрғақ сүтті табаға салып қызарта қуырып, тәрелкеге салып, блендермен майдалаймыз. Табаққа сүт, крахмал мен қант алмастырғышты салып, орташа отқа қоямыз. Сосын оттан алып, жержаңғақты салып, бетін пленкамен жуып суығанын күтеміз.
  4. Кремді дайындау үшін блендерге барлық қоспаларды салып, араластыру керек. Енді корждардың арасына крем мен карамельді жағып, бетін әсемдейміз де, тоңазытқышқа салып қоямыз. Сонда тортымыз да дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


3 күнде 3 келі САЛМАҚТАН арылтатын БАНАН + СҮТ диетасы


Нан жемесеңіз ағзада қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?


Мына 5 тағам СЕМІРУ мен ҚАРТАЮды жылдамдатады