ЖҮЗУМЕН АЙНАЛЫСҚАНДА қалай ТАМАҚТАНУ керек

0
4 271

Бассейнде қанша калория "ериді"?


ЖҮЗУМЕН АЙНАЛЫСҚАНДА қалай ТАМАҚТАНУ керек

Спорттың бұл түрі әсіресе артық салмағы барларға өте пайдалы. Судың әсерінен көп энергия шығару арқылы калория жоғалтасыз. Осылайша арықтауға қол жеткізесіз.

Суда жүзу – тыныс жолдары мен жүрек жүйесі жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, жаттығу барысында көп калория шығаруға көмектеседі. Ал, ең бастысы жүзу арқылы арықтаудың ешқандай зияны жоқ екен. Керісінше суда жүзгенде арқа бұлшықеттеріне көп салмақ түспейді. Көп қимыл мен жүзудің әсерінен бұлшықеттер ұзарып, иілгіш болады. Арқа бұлшықетіне ауырлық түспегендіктен де дене бітіміңіз түзуленіп, қисайып-қыңырайып жүрмейсіз. Арқаны тік ұстап, әдемілене түскен дене-мүсініңізді көрсету үшін иықты көтеріп жүретін боласыз. Бұдан бөлек, жүзу иммунитетті нығайтып, майтабандылықтың алдын алады.


Бассейнде қанша калория "ериді"?


Арықтағыңыз келсе, аптасына 3-4 рет бассейнге барасыз. Арасында 1-2 күн демалу керек. Осылайша бұлшықеттер қалыпа келіп, семіздіктен де арыла аласыз. Күн сайын шомылуға баратын болсаңыз бұдан да жылдам арықтауға болады. Ең дұрысы жүзуге таңғы уақытта емес, кешке қарай барған дұрыс. Кешке суға түскен жанның шаршауы басылып, жүйке жүйесі қалыпқа келеді. Мұндай жаттығудан кейін түнгі ұйқыға кету де оңай.


Бассейнге барып жүргенде қалай тамақтану керек?

Мысалы, таңертеңгілік жаттығуға жазылған болсаңыз, ашқарынға бара беруге болады. Таңғы асты ішудің қажеті жоқ. Егер шыдай алмасаңыз, жаттығуға дейін 1 сағат немесе 40 минут бұрын, сұлы немесе қарақұмық ботқаларын жеуге болады.

Тәжірибелі спортсмендер жаттығуға барғанда 1500-2000 калория жоғалта алады. Сол себепті де олар жаттығудан кейін тәбеті тартқан тағамды жей алады. Ал, қарапайым адамдар 45 минутта жай жүзу арқылы бар болғаны 150-200 ккал жоғалтады екен. Сондықтан да мұндай жандар жаттығып болғаннан соң тағамға бас қойып, қалағанын жеуіне болмайды. Өйткені құнарлы әрі калорияға бай тағамды жегеннен кейін оны энергиямен шығармасаңыз, салмағыңызға салмақ қосып, семіз қалпыңызда қалып қоясыз. Ендеше суда жүзудің де өз ережелері мен тәртібі бар екенін ұмытпауымыз керек.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мына 6 белгі сіздің арықтап жатқаныңызды білдіреді


Өте танымал ЖАПОН диетасы: жұмыртқа мен кофе


Тез АРЫҚТАУ үшін КӨК түсті ЫДЫСпен тамақтану керек