Өкініштісі, мұндай «тегін» емді көпшілігіміз біле бермейміз.
Күнделікті жасайтын жаттығуларыңыздың тізіміне тізерлеп жүруді де қосып қойыңыз. «Мұның қандай пайдасы бар?» деп ойлап тұрған боларсыз? Иә, бұл жаттығу қарапайым болып көрінеді. Дегенмен, оның пайдасы ұшан-теңіз. Әсіресе, буын ауруларына таптырмас ем болады.
Бәрі оп-оңай. Жаттығуға кіріспес бұрын еденге жұмсақ мата немесе кілем төсегеніңіз жөн. Сонда тізеңіз ауырмайды.
Еденге тізерлеп тұрыңыз. Алдымен артқа қарай, кейін алға қарай тізерлеп жүріңіз. Есіңізде болсын, жаттығу жасағанда кеудеңізді тік ұстаңыз. Алға немесе артқа қарай қисаймай, тік қалыпта жаттығу жасауға тырысыңыз. Тізерлеп тұрыңыз да, ақырындап өкшеңізге отырыңыз.
Жаттығуды жасауға кіріскен алғашқы күндері 5 минут жүріңіз. Кейін келе жаттығу уақытына бір минут қосып отырасыз. Маңыздысы, жаттығуды күнделікті орындау керек. Егер жаттығуды кешенді түрде жасауды қаласаңыз, баспалдақпен тізерлеп жүру мен скандинавиялық жүрісті де қоса атқарсаңыз болады. Бұл жаттығулар ауруды түбегейлі жеңуге көмектеседі.
Аталған жаттығу тек буындарды ғана емес, барлық ағза пайдалы. Ол бас пен аяқтың қан айналымды дұрыстап, көздің көргіштігін арттыруға да септігін тигізеді. Жаттығуды жасап болған соң, бірден етпеттеп жату қажет. Бұлшықеттерге түскен күшті басу үшін аяқтың ұштарын сілкіп-сілкіп жіберген жөн.
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ
Тағы да оқыңыз:
Беттегі ӘЖІМДІ КЕТІРЕТІН жаттығулар: 25, 35, 45 және 55 жастағы ӘЙЕЛДЕР үшін