БӨКСЕ әдемі болуы үшін АЯҒЫҢЫЗДЫ жоғары көтеріңіз

0
4 413

Жаттығуды ТАҢЕРТЕҢ және КЕШКЕ орындаңыз.


БӨКСЕ әдемі болуы үшін АЯҒЫҢЫЗДЫ жоғары көтеріңіз

Бұрын қыз бойындағы сұлулық аққу мойын, аршын төс, бұраң белмен сипатталса, енді оған дөңгеленген жұмыр бөксе де қосылды. Ерлердің көз ала алмай қалуына соңғысының әсері жоғары. Сондықтан да бүгінгі күні бұрымдылардың дені бөксенің әдемі болуына мән береді. Арнайы жаттығулар жасап, фитнеспен шұғылданады. Ал кейбіреулерді табиғат ана әдемі бөксемен "марапаттап" қойған. Дегенмен оның өзі уақыт өткен сайын әдемі пішінін жоғалта бастайды. Ал әдемі бөксені сақтап қалудың жалғыз жолы - жаттығу.


Бір ғана жаттығумен бөксені жұмыр етуге болады. Сенбейсіз бе? Олай болса, өзіңіз жасап көріңіз. Ең маңыздысы, бұл жаттығуды күнделікті әрі дұрыс орындау қажет.


Жаттығуды қалай орындайды?

Бұл жаттығуды кез келген жерде орындауға болады. Тек қолыңызды тіреп тұратын қабырға болса болғаны.

Ең алдымен қолыңызды қабырғаға тіреп, басыңызды қолыңыздан төмен түсіріңіз. Оң аяғыңыздың ұшымен тұрыңыз. Кейін терең тыныс алып, сол аяғыңызды жоғары көтеріңіз. Қаншалықты жоғары көтерсеңіз, әсері соншалықты жоғары болады. Жаттығуды қос аяқпен кезек-кезек жасаңыз. Әр аяқпен 15 реттен орындасаңыз жеткілікті.

Жаттығуды күніне екі рет - таңертең және кешке орындаңыз. Аяқты жоғары көтерген уақытта тізені бүгуге болмайды.



(Сурет ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СІЗ НЕГЕ АРЫҚТАМАЙСЫЗ - 10 түрлі себеп


Таңертең БЕТІҢІЗ ІСІП тұра ма? Әп-сәтте КЕТІРУГЕ болады