Негізінен бір орында тапжылмай жұмыс жасайтындар әрбір 15 минут сайын орнынан қозғалып тұрғаны жөн.
Фото: ugra-news.ru
Үнемі бір орында отырып жұмыс істеу адам ағзасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Ондайда омыртқа, жүрек-қан тамырлары мен зат алмасу жүйесінің жұмысы нашарлай түседі. Артық салмақ қосып алу да ғажап емес. Аз қозғалатын кеңсе қызметкерлері көп жағдайда дұрыс тамақтанбайды. Көбіне түскі асқа бәліш, шоколадпен кофе іше салу әдетке айналған. Әрине бұл әдеттер денсаулықтың "дұшпандары". Ал онымен күресу және артық салмақтан арылу үшін кеңсе қызметкерлері жаттығу жасауы тиіс. Біз сізге орындықта отырып-ақ жасауға болатын жаттығу түрлерін ұсынамыз. Ендеше, құр отырмай, дәл қазір үзіліс жариялап, жаттығу жасаңыз.
Кеңседе қандай жаттығулар жасауға болады?
Фото: stressboffin.com
Тірлігі қайнап жататын кеңседе қозғалатын орын да аз болады. Бір лайфхак болсын, ондайда сіз барынша орныңыздан тұрып кетуге әдеттеніңіз. Мәселен, әріптесіңізге бір қоңыраумен хабарласу арқылы шеше салатын істі кабинетіне барып айтып келіңіз. Негізінен отырып жұмыс істейтін адамдарға әрбір 15 минут сайын орнынан қозғалып тұрғаны жөн. Жұмыс уақытының әрбір сағатында 5-10 минутыңызды дене шынықтыруға бөлген дұрыс. Жұмыс орнында отырып та жаттығу жасай беруге болады. Әрине ең пайдалы жаттығу бұл - жүру және отырып-тұру (приседания) жаттығулары. Жұмыстан соң жүзу, жай ғана серуендеудің өзі денсаулыққа көп пайдасын тигізеді.
Егер жұмыс орнында демалатын бөлме болса...
Фото: parenting.firstcry.com
Әдетте мұндай бөлмелерде міндетті түрде диван, үстел болады. Оған қоса шәйнек пен тоңазытқыштың да болатыны анық. Кей кеңселерде бар, бильярд, болулинг, тренажер залы болуы да мүмкін. Мұндай болса тіпті керемет! Дегенмен кеңсе басшылығы осынша жағдай жасап қойса да, сіздің шынығатын өз жоспарыңыздың болғаны абзал.
Әріптестермен 5 минут тынығу уақытында да жай отырмай бір-екі рет отырып-тұрып, беліңізді, иығыңызды, аяқ-қолыңызды қимылдатуды әдетке айналдырғаныңыз дұрысырақ. Әуеннің ырғағымен жасасаңыз тіпті пайдалы. Көңіл-күйді көтеру үшін билеп алған да жақсы.
Орындықта
Фото: tr.pinterest.com
Орныңыздан тұрмай-ақ бұлшықеттеріңізді шынықтыруға болады. Мысалы:
- баспен еңкею, тартылу;
- дене корпусын еңкейту, бұру;
- мұрын ұшымен сурет салу;
- арқа мен кеудені орындық көмегімен созу;
- мойын, иық және бас массажы;
- иықты алға, артқа айналдыру;
- балтыр және сан бұлшықеттеріне арналған жаттығуларды орындау үшін аяқты көтеру;
- тыныс алу жаттығулары.
Осы аталған жаттығуларды кезек-кезегімен жасап отыратын болсаңыз бірер аптада жақсы нәтижесін байқайсыз. Ал егер көзіңіз нашар көретін болса немесе көзге қатысты мәселелер бар болса, арнайы жаттығуларды да қосуды ұмытпаңыз.
Қызықты дерек: Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша аз қозғалатын адамдар 5-10 жылға ерте қартаяды екен.
Кеңседе жасалатын "көрінбейтін" жаттығулар
Фото:static.tildacdn.com
Орныңыздан тұрмай-ақ жаттыға аласыз. Тіпті сіздің жаттығу жасап отырғаныңызды ешкім де байқамай қалады. Ол үшін:
- аяқтың өкшеден саусаққа ауысуы (әр сағаттың басында 15-20 рет);
- жамбас және бөксе бұлшықеттерін шынықтыру (күніне 20 рет 3-4 рет);
- іш бұлшықеттерін тарту (тәулігіне 20 рет 3-4 рет).
Бұл жаттығуларды жасаған кезде дұрыс тыныс ала білу керек. Демді шығарған кезде ішті тартып, ал ауаны жұтқан кезде керісінше босаңсыту қажет.
Кеңседегі жаттығу артық салмақтан арылуға көмектеседі
Жұмыс күнінде жиі қайталанған жаттығулар спорт залында жаттыққан 1 сағатпен тең. Үнемі жаттығу жасап жүрсеңіз іштегі артық майлар кетіп, қалыпты пішінге келе бастайды. Ал егер бұған қолды жоғары көтеріп тұрған күйде солға және оңға иілуді қоссақ, іштің бүйір бұлшықеттері шынығады. Бұл жаттығуларды жұмыс үстелінде сағат сайын 20 рет қайталауға болады.
Тағы бір күшті жаттығу ұсынамыз. Орындыққа отырып, қолыңызбен орындықтың шетін мықтап ұстауыңыз керек. Аяғыңызды біріктіріп, тізеңізді кеудеге қарай көтеріңіз де, іш бұлшықеттерін тартыңыз. Бүгілген күйдегі тізені төменге қарай жіберіңіз және жоғары көтеріңіз. Бірақ еденге аяғыңызды тигізбеңіз. 10-20 рет қайталаңыз.
Дереккөз: gercules.fit
Н.НАЛТАЙ,
Тағы оқыңыз:
МУЗЫКАМЕН жаттыққандар ТЕЗ АРЫҚТАЙДЫ