Баспен орындалатын бұл жаттығу "Сегіздік" деп аталады. Ол мойын мен иық тұсын, бүкіл денеміздің балансын қалыпқа келтіретін таңғажайып жаттығу. Қанайналымды жақсартып, сол арқылы миды оттегімен қоректендіретін қимылды сіз де жасап көріңіз.
Жаттығу қалай жасалады?
1.Тік тұрыңыз, аяқтарыңыз бір-бірінен алшақ болсын. Басыңызды иіп, кеудеңізге қойыңыз.
2. Бетіңіз төмен қарай түсіріп, босыңыз бірқалыпты тұрған сәтте "сегіздікті" (суреттегідей) ақырындап орындай бастаңыз. Басты алдымен солға, кейін оңға көлденеңінен қозғалтыңыз. Қозғалыстың төменгі нүктесіне келген кезде сіз басыңыздың төменге қарай бостау тартылған салмағын байқайсыз.
Басыңыз жан-жағына қозғалған сайын сіз бас салмағын аса байқамайсыз. Сонда мойынның қарама-қарсы бөлігіндегі бұлшықеттердің қысымы да азаяды. Бұл қимылдарды аздап жылдамдық қоса отырып жасаңыз.
3. Жаттығуды жасауда жылдамдық қосып отырыңыз, бірақ өте тез жасауға талпынбаңыз. Бұл жаттығуды үнсіз, бірқалыпты ритммен жасау керек. Бастапқыда 15 реттен көбірек жасамаңыз, өйткені басыңыз айналуы мүмкін.
4. Бір жағына қарай 15 рет жасаған соң асықпай дем алыңыз.Сосын екінші жағына қарай 15 рет жасаңыз. Аяғыңыз тік, шаршамаған болса, ағзаңыздың балансы жақсы деген сөз.
Бұл жаттығуларды, әсіресе басыңызды кеуде тұсына түсіріп айналдыра жасаған жаттығу миды оттегімен қамтамасыз етіп, қан айналымын жақсартады, балансты сақтайды. Сондай-ақ, жаттығу кезінде басыңызды жан-жаққа бұрған кезде шашыңызға да пайдасы тиеді.
Жаттығудың видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады.
(Сурет ашық дереккөздерден алынды)
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
Тағы да оқыңыз:
Жаттығу нәтижелі болсын десеңіз МЫНА 3 жемісті жеңіз
Асүйдегі фитнес: Оқтаумен қамыр жайған әйелдің білегі жуан болмайды