Таңертең БЕТІҢІЗ ІСІП тұра ма? Әп-сәтте КЕТІРУГЕ болады

0
3 668

Лимфа түйіндерін ыдырату қажет...


Таңертең БЕТІҢІЗ ІСІП тұра ма? Әп-сәтте КЕТІРУГЕ болады

Беттің қатты ісінуі, артық салмақ пен целлюлиттің пайда болуы лимфа жүйесі жұмысының нашарлауын білдіреді. Мұндай жағдайда бойымыздағы сұйықтық дұрыс айналмайды, ағзадағы шлактар мен токсиндер дұрыс шығарылмайды. Нәтижесінде адам тез шаршап, жиі ауырады, тері бөрітіп, өз реңін жоғалта бастайды.

Дәрігерлер ісінуді болдырмау үшін көбірек қозғалып, су ішуге кеңес береді. Сондай-ақ қарапайым жаттығуларды орындап жүрген жөн. Жаттығулар тамырлардағы қан айналымын қалыпқа келтіріп, аяқтағы шаршау мен ауырлық сезімін басады.


Қара суға да семіріп кетесіз бе? Онда...

Лимфа жүйесінің негізгі міндеті – адам қанын тазартып, токсиндерді сыртқа шығарып, вирустар мен бактерияларға қарсы антидене түзу болып табылады. Ол иммунитет қалыптастырады, ағзамыздағы су мөлшерін реттейді. Егер лимфада асқынулар болса, онда:

-Бетте ісік пайда болады, бет ісініп тұрады.

-Қара суға да семіріп кетесіз.

-Мойындағы, қолтық пен шаптағы лимфа түйіндері қабынады.

-Лимфа жүйесіндегі бұзылыстардың белгісі беттегі қызарулар, бөртпелер, ерте әжім түсу арқылы білінеді.

Егер тұрақты түрде бетті тазалау нәтиже бермесе, диетада жүрсеңіз де салмақ азаймаса лимфа жүйесіне арналған кешенді жаттығуларды жасап көріңіз.

Тұрақты жаттығулардан кейін артық сұйықтықтың ағуы қалпына келеді, қан қысымы төмендейді. Өзіңіздің әл-ауқатыңызды дәрі-дәрмексіз жақсарту үшін, гипертонияның, стрестің, ұйқысыздықтың бастапқы кезеңінде осы жаттығуларды орындап жүріңіз.


Лимфаны таратуға арналған тиімді жаттығулар

Лимфадренажды кешенді жаттығуды таңертең оянғаннан кейін жасаған жақсы. Қарапайым жаттығулардан бастаңыз, содан кейін контрасты душқа немесе кәдімгі душқа ауысыңыз. Күндіз бірыңғай отырып жұмыс жасағанда, Микулин әдісі арқылы аяқтың шаршағанын басуға болады. Бұл тамырлардағыварикоздың дамуына жол бермейді.


Бұғана массажы

Еденде немесе тегіс жерде жатып, арқаңызды түзеп, босаңсыңыз. Қолыңызды кеудеге қойып, айқастырыңыз, саусақтарыңызбен бұғанаңызды ұстауға тырысыңыз. Дем шығарған кезде тек шынтағыңызды көтеріңіз, сонымен бірге лимфа түйіндері орналасқан жерлерді басыңыз. Массажды 15 рет қайталаңыз.


«Жапон толқыны» жаттығуы


Жаттығу аяқтардағы ісінуді кетіруге көмектеседі, асқорытуды жылдамдатады және күш береді. Орындау үшін арқаңызға ыңғайлы отырыңыз, тізеңізді бүгіңіз. 30 секунд ішінде қолдарыңыз бен аяқтарыңызды жоғары көтеріп, босаңсытып, ақырын шайқаңыз. Қозғалыс дірілге ұқсас болуы керек. Уақытты біртіндеп 3 минутқа дейін көбейтіңіз.


«Құрбақа» жаттығуы

Жұмыстан келгеннен кейін бір жеңілдеп лимфа жүйесіне пайдалы «құрбақа» жаттығуын жасап көріңіз. Қатты жерге отырып, аяқтарыңызды өзіңізге қарай тартыңыз, тізені бүгіп, табанды қабыстырыңыз. Қолдарыңызды санның ішкі жағына қойыңыз да, ақырындап серіппе қалпына келтіріңіз. Бірқалыпты тыныс алуды қадағалап отырыңыз, ауырсынулар болмауы керек.


«Мысық» жаттығуы

Ісікті кетірудегі нәтижелі жаттығулардың бірі – «мысық» деп аталады. Төрт тағандап тұрыңыз және беліңізді майыстырыңыз. Сосын арқаңыз бен жауырынды көтеріп, мысық тәрізді қалыпта ақырын 10-15 рет қайталаңыз.


Микулин әдісі бойынша серпілу


Бұл жаттығу тұрып жасалады. Демді жұтқан кезде 1-2 см аяқтың ұшымен тұрыңыз, сосын тез қозғалыспен табанды жерге тигізіңіз. Сұйықтықты аяқтан жүрекке бағыттайтындай діріл болады. Қозғалысты секундына 1 рет қайталаңыз, 15-20 қайталанғаннан кейін үзіліс жасаңыз.

Микулин техникасы тромбофлебит пен варикозды тамырлары бар адамдарға ұсынылмайды. Бұл лимфа жұмысының нашарлауының, терең тамыр тромбозының алдын-алудағы тамаша әдіс. Асқынуды болдырмас үшін аш қарынға орындықтың арқасына сүйене отырып жасаған дұрыс.


Кешенді жаттығуды орындауға қарсы көрсетілім:

-қант диабеті;

-онкологиялық аурулар;

-тромбофлебит;

-жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары;

-бүйрек дисфунциясы;

-ЖРВИ немесе жоғары температурадағы тұмау;

-етеккір кезі.


(Сурет ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Табата: 4 минутта арықтауға дайынсыз ба?


Су ішкен соң қолыңызды БІР минут жоғары көтеріңіз