ТЕСТ: Шын жасыңыз қаншада?

0
7 000

Биологиялық жасыңызды білгіңіз келе ме?


ТЕСТ: Шын жасыңыз қаншада?

Сіздің жасыңыз қаншада? Жиырмада ма, әлде отызда? Мүмкін 40-тан асқан боларсыз. Бұл сұрақ өте қарапайым әрі ойланбастан жауап беруге болады. Бірақ адамның биологиялық жасы мен төлқұжатта көрсетілген шын жасы бір-бірімен сәйкес келе бермейтінін білесіз бе? Өзінің биологиялық жасын білгісі келетіндерге мына тестті ұсынамыз. Сіз де байқап көрерсеңіз болады.


Жаттығу жасауға кіріспес бұрын дененің құрысын жазып, ширатып аламыз.


Жаттығуды қалай орындайды?

Алдымен тік тұрыңыз. Содан соң қолдарыңыз жерге тигенше еңкейіңіз. Еңкейген кезде тізеңізді майыстырмай, аяқтарыңызды түзу ұстауға тырысыңыз. Арқаны тым қатты бүгудің қажеті жоқ. Дәл осы қалыпта тұрып, саусақтарыңыздың жеткен жерін есіңізде сақтаңыз. Бұл сіздің қаншалықты икемді екеніңізді көрсетеді. Осы арқылы физикалық жағдайыңызға сәйкес келетін жасыңызды анықтай аласыз.


Нәтиже:

20-25 жас




Сіз тізеңізді бүкпей, саусақтарыңызды еденге оңай жеткізесіз. Еңкейген уақытта бұлшықеттерге күш түспейді, керісінше босаңсиды.


25-38 жас




Еденге тек саусағыңыздың ұшын ғана тигізе аласыз. Әрі тізеңіз де аздап бүгіледі. Бұлшықеттерге күш түскендіктен тездетіп бастапқы қалыпқа келуге асығуыңыз мүмкін.


38-50 жас



Саусақтарыңыз тек тобыққа дейін жетеді. Жаттығуды орындау барысында тізеңізді бүгуді қалап тұрасыз. Бұлшықеттерге күш түскендіктен көп уақыт иіліп тұра алмай, мүмкіндішгінше тез тұрғыңыз келеді.


50 жас және одан жоғары



Сізге еңкею және саусақтарыңызды жерге тигізу өте қиын. Тізеңіз өзінен-өзі бүгіліп тұрады. Бұл қалыпта сіөз өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз.


Икімділікті қалай жақсартуға болады?

Ғалымдардың пікірінше, адамның жасы бауырдың жай-күйімен, ал бауыр дененің икемділігімен байланысты.

Егер сіз тест нәтижесіне риза болсаңыз, әдеттегі өмір салтыңызды жалғастыра берсеңіз болады. Ал егер сізге нәтиже ұнамаса, өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Арнайы уақыт бөліп, созылу жаттығуларын орындаңыз. Күткен нәтижеге көп өтпей-ақ қол жеткізесіз.

Кез-келген жаста дененің икемділігін жақсартуға болады. Күнделікті орындалған созылу жаттығуларын буындардың қозғалғыштығын қалпына келтіруге және дененің бұлшықеттерін созуға көмектеседі. Сіңірлерді нығайту үшін күн сайын 30 иілу жасауды ұмытпаңыз.

Бір орында отырып, тапжылмай жұмыс жасау - бұлшықеттерге және жалпы денсаулыққа теріс әсер етеді. Жұмыстан бір сәт демалып, жаттығулар жасаңыз немесе бос уақытыңызда фитнес залға барыңыз. Егер мұндай мүмкіндігіңіз болмаса, таза ауада серуендеп, таңертеңгілік жаттығу жасаңыз.


Дереккөз: fb.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


МЫНА 6 жаттығу іштегі майды оңай "ЕРІТЕДІ"


ЖАСЫҢЫЗҒА фитнестің ҚАНДАЙ түрі сай келетінін білесіз бе?