Жаттығуды сымбатыңызға қарай таңдаңыз!

0
11 610

Өз дене-бітіміңіздің қай түрге жататынын білесіз бе? Жаттығуды да мүсініңізге қарай таңдамасаңыз, арықтаймын дегеніңіздің бәрі бос әурешілік болып қалуы мүмкін.


Жаттығуды сымбатыңызға қарай таңдаңыз!

Әрине, әр қыздың сымбаты, бел өлшемі әртүрлі. Сондықтан да әркім өз фигурасына сай жаттығуды жасағаны дұрыс дейді мамандар. Ендеше, сіз де бізге қосылып, өз жаттығуыңызды таңдаңыз!


Үшбұрыш

уреттен байқағандарыңыздай, бұл үшбұрыш тәрізді әйел мүсіні. Жоғарғы бөлігіне қарағанда төменгі жағы жалпақтау болып келеді. Яғни, мұндай нәзікжандылар көбіне артық салмақты бөксеге, санға жинайды екен. Егер салмақ тастайтын болса, беті бір уыстанып, кеудесі мүлде кішірейе түседі. Ал, бөксесі сол қалпында қалады.

Қай жерге көбірек көңіл бөлу керек?

Әрине, аяқ пен бөксеге. Дене-бітіміңіз үшбұрышқа ұқсаса сізге отырып-тұру, секіру (орыннан бірден тұрып секіру) сияқты жаттығуларды орындаған дұрыс. Арнайы жаттығу залына жазылып, тренажерлармен шынығыатын болсаңыз да аяққа көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе аяқты созып-жиырып жасалатын жаттығулар тиімді. Сонда дене-бітіміңіз өзгеріп, келісті бола түсесіз.


Тік төртбұрыш

Сырттай қарағанда мұндай қыздар тартымды, мінсіз көрінуі мүмкін. Алайда белінің жоқтығы айқын көрініп тұрады. Соның әсерінен де олар семірген жағдайда жүкті әйелге ұқсап қалады екен. Бірақ, тік төртбұрыш фигураны қалыпқа келтіру оңай.

Ең бірінші іштің қиғаш бұлшықеттеріне мән беру керек. Ол үшін белді айналдырып жаттығу жасайды. Сонымен қатар, пилатес жаттығулары да жақсы көмектеседі. Гантелді қолға алып, алға қарай еңкейіп жасалатын жаттығулар да бар. Болмаса қарапайым ішке жасалатын пресс жасауға да болады.


Шар тәріздез фигура


Суреттен байқап отырғандарыңыздай мұндай қыз-келіншектердің көкірегі мен қарны шығыңқы, бірақ аяқтары түзу, тартымды болып келеді. Босанғаннан кейінгі уақыттарда әйелдер көбіне осындай формаға түседі екен.

Дене-бітімді қалыпқа келтіру үшін бүкіл бұлшықетті шынықтыру қажет.

Сырт көрінісі алма тәріздес болып келетін мұндай пішіндегі қыздарға пресс жасау ұсынылады. Сондай-ақ, белді айналдыру да көп септігін тигізеді. Барынша белсенді қимылдап, көбірек жаттығу жасаған дұрыс. Бір айдан соң беліңіз шығып, аяқтарыңыздың арықтағанын сезінесіз. Бұл керемет сезім, керемет нәтиже. Сондықтан да жалқаулыққа салынбай, тек әрекет ете білу керек.


Төңкерілген үшбұрыш


Үшбұрыштың төңкерілген түрін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сізге мұндай мүсін ұнай ма? Әрине, иығы қақпақтай қыздар көп жігіттердің көңілінен шыға қоймасы анық. Көбінесе төңкерілген үшбұрыш тәріздес мүсіні бар қыздар еркекшора болып келеді екен. Олар өздерін ер мінезді санап, іс-әрекеттері де сол қалыптан көрінеді. Ал, әдемі көкірек пен бөксе иелерінің тартымды көрінетінін білесіздер. Сол себепті де жаттығу жасаудан шаршамаңыздар.

Сан бұлшықеттерін нығайтып, бөксені шығаруға велосипед айдау жақсы көмектеседі. Болмаса фитнес залына барып, велотренажерга отырған да пайдалы. Осылайша жаттығатын болсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді.


Құм сағаты


Мұндай дене-бітімді әрбір қыз армандайды. Көкірегі мен бөксесі үйлесім тапқан, белі жіп-жіңішке нәзікжандыларды көргенде еріксіз бұрылып қараймыз. Бірақ, мұнда да бір жетімсіздік байқалатын көрінеді. Бұл кісілерге осы қалыпты сақтап қалу маңызды. Сондықтан да семіріп кетпес үшін де денені шынықтырып тұру керек.

Құм сағат тәрізді мүсінге жүзу, би, степ-аэробика және басқа да барлық бұлшықетке әсер ететін жаттығулармен айналысуға болады. Алайда, денеге қатты ауырлық түсірмеген абзал.

Өз мүсініңіздің қай суретке жақын екенін тауып, сол бойынша жаттығу жасаңыз. Осылайша арманыңыздағы сымбатқа қол жеткізе алмасаңыз да, тартымдылығыңызды арттырып, өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз күшейе түсері сөзсіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ