Ана мен балаға арналған өте пайдалы гаджеттер

0
4 333

Біз кішкентай баланың күтімін жақсартатын және жеңілдететін гаджеттер тізімін жасадық!


Ана мен балаға арналған өте пайдалы гаджеттер

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден


1. Піллә

Бұл құрылғыны баланың өсуіне байланысты төрт-бес айға дейін ғана пайдалануға болады, ал кейбір аналар мұны қажет те етпейді. Бірақ Сізде оны сатып алу мүмкіндігі бар болса және балаңыз өмірінің алғашқы күнінен бастап пілләда жатқанын қаласаңыз, қазіргі таңда қолжетімді дүние болып саналады. Алайда, бұндай пілләлар тек кіші өлшемде ғана шығарылады!

Жаңа туған сәбилер үшін әзірленген піллә кішкентай ұя секілді ыңғайлы және әрқашан жылы болады. Осы керемет гаджетке баланы салғаннан кейін, бірге көтеріп жүруге, жаныңызға қойып басқа жұмыс істей беруге болады.


2. Радиокүтуші

Әрине, бұл құрылғының бір бөлмелі пәтерде қажеті жоқ. Бірақ, балаға арналған бөлмесі бар үйлерге өте қажетті дүние. Өйткені, бұл құрылғы Сізде бар болса, қосып қойып қалаған тірлігіңізбен айналыса бересіз. Яғни, ас дайындағанда, достармен сөйлескенде, теледидар көргенде бала жатқан бөлмеге үңіліп жүрмейсіз. Сәбиіңіздің оянғаны туралы Сізге осы күтуші өзі хабарлайды.

Сондай-ақ, баланың қимылын көруге арналған бейнекүтушілер де бар. Бірақ, ондай күтушілердің белгіленген әрекет ету радиусы болады.


3. Сүт сорғы

Егер баланы емшек сүтімен тамақтандыратын болсаңыз, бұл құрылғы Сізге алғашқы айлардың өзінде үйден шығуға көмектеседі. Демек, құрылғыны алғаннан кейін дәрігерге бару немесе басқа жұмысты шешу үшін осы гаджет үлкен көмек тигізеді.


4. Тамақтандыруға арналған орындықтар

Бұл гаджеттің көптеген үлгілері бар. Бірақ екі үздік түрін атауға болады: жұмсақ орындықтар (peg perego tatamia, siesta) және баламен бірге өсетін орындықтар (Stokke, Babybjorn, leandr). Алғашқысы көбінесе бала өмірінің алғашқы айларынан бастап қолданылады, кейде әткеншек бола алады. Сондай-ақ, бұл орындықтартың материалына ерекше назар аудару керек. Себебі, экотеріден жасалған орындық бетін жуу оңай болса, матадан жасалған орындықты тазалау айтарлықтай қиындық тудырады.

Ал, екінші үлгідегі орындықтар көбінесе дизайнымен және оңай күтімінің арқасында тұтынушыларды көп тартады. Сонымен қатар, балаға ата-анасымен бірге бір үстелде отыруға мүмкіндік сыйлайды.


5. Шомылуға арналған резина

Перзентханадан келгеннен кейін ата-аналар баланы түрлі тәсілмен шомылдырады. Өйткені суға үйренбеген, шомылудың рахатын сезіне қоймайтын нәрестелер ондай кезде айқайлап, жылайтыны белгілі. Бірақ үйренгеннен кейін баланы шомылдырып отыруға қол тие бермейтін кездер болады. Сол уақытта Сізге осы гаджет көмектеседі!


6. Рюкзак

Баланы алып жүруге арналған арбалардың сапалы түрлері әжептәуір қымбат тұрады. Егер Сізде оны сатып алуға мүмкіндік болмаса, рюкзак көмектесе алады. Таңдау кезінде баланың жасына, дене бітіміне назар аудару керек. Сондай-ақ, рюкзактар саяхаттағанда, сапар кезінде және жаяу серуендегенде өте ыңғайлы.


7. Бөтелкелерге арналған жылытқыш

Бұл зат, баланы жасанды тамақтандыру барысында өте ыңғайлы. Бірақ, таңдайтын кезде бөтелкелерге арналғандығына назар аудару керек. Егер, Сіз басқа түрін алып қойсаңыз, бөтелкені дұрыс жылытпай қояды.


Ескерту! Ең бастысы – сүтті микротолқынды пеште жылытпаңыз. Себебі бұл әдіс кезінде тамақтың пайдалы қасиеттерінің бір бөлігі жоғалады.


8. Дәрігер Мякиш

Дәрігер Мякиш – бұл табиғи зығырдан жасалған және шие сүйектері бар қапшықпен толтырылған ойыншықтар. Оларды микротолқынды пеште қыздырып, тамақтандырғаннан кейін баланың ішіне қоюға болады. Себебі, сүйектер жылуды ұзақ сақтайды және нәрестеде спазм болмауына көмегін тигізеді.


9. Ылғалдаушы

Бұл гаджетті кейбір ата-аналар бұрыннан пайдалануы әбден мүмкін. Себебі, бала жатқан жердегі ауа құрғақ болмауы керек. әсіресе қыс мезгілінде батареялар жұмыс істеп тұрған кезде ата-аналар үшін ауаның ылғалдылығын арттыру артық болмайды.


Айта кетейік, бұл құрылғылардың барлығын алу міндетті емес. Бірақ олар ата-аналардың жұмысын оңайлатуға, бала бағуға және уақытты тиімді пайдалануға көп көмегін тигізеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ