Қоңырау шалған кезде, тұтқаны бірден алмаңыз

0
4 840

Қазір адамдар іскер болсын, қарапайым болсын, бәрібір күнделікті телефонмен сөйлеседі. Ал, Сіз телефонмен сөйлесу әдебін сақтап жүрсіз бе?


Қоңырау шалған кезде, тұтқаны бірден алмаңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Телефонмен сөйлесу әдебін сақтау өте маңызды нәрсе. Себебі, бұл Сіздің тәрбиеңізді, мәдениетіңіз бен білімділігіңізді көрсетеді.


Тұтқаны алыңыз, Сізге қоңырау шалып жатыр!


Телефонға қоңырау шалынған кезде, біз автоматты түрде тұтқаны аламыз және үйреншікті «Алло!» сөзін айтамыз. Бұл сөйлесу үшін жеткілікті ме? Телефонмен сөйлесу әдебі не дейді? Барлық сөйлесуді жақсартатын нәрселер – сыпайылық, шыдамдылық, дауыс мәнері. Сондай-ақ, Сіз сөйлесіп отырған адам немен айналысып жатқаныңызды көре алмайды. Алайда, кішкентай ғана жағымсыз дауыс реніш немесе басқа да эмоциялар тудыруы мүмкін.


Алдымен іскерлік және жеке адамдар арасындағы сөйлесуді қарастырайық


Іскерлік қоңырау


Сіздің жұмыс телефоныңызға қоңырау шалады, бірақ тұтқаны бірден алмаңыз. Бұл сізге де, қоңырау шалған адамға да әсер етуі мүмкін, яғни сіз жұмыс істейтін ұйымның беделі туралы әсер қалдырады. Екі-үш дабыл орындалғанша күте тұрыңыз. Сонымен қатар, көп күттіруге де болмады, ол құрметтемеуді білдіреді.

Бірден ұйымның атынан сөйлесу дұрыс емес, бірінші қоңырау шалушы сәлемдесу керек. Содан кейін, іскерлік қарым қатынастың міндетті шарты болып саналатын «өзін таныстыру» басталады. Бұл – ұйымның атауы немесе сіздің жеке деректеріңіз (лауазым, аты-жөні) болуы мүмкін. Мысалы, дұрыс сәлемдесу мынандай болады: «Қайырлы күн! ERNUR.KZ ақпараттық порталы. Тілші Бауыржан Ерман».


Есте сақтаңыз, қоңырауда дұрыс сөйлесу ұйым туралы жақсы әсер қалдырады, оның мәртебесі мен мәдениетін көрсетеді. Сондай-ақ, мәдениетті адаммен тіл табысу оңай және бұл әсер келешекте ынтымақтастықта маңызды рөл атқара алады.


Жеке қарым-қатыснас қоңырауы


Егер таныс немесе досыңызбен тәуліктің кез келген уақытында сөйлесуге болады деп ойласаңыз, қателесесіз. Сізге қоңырау шалған адаммен сөйлесу – «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!» немесе «Кеш жарық!» тілегінен басталу керек.

Егер Сізге қоңырау шалған адам нөміріңізді қате терген болса, түсіндіру әңгімесіне артық уақыт жұмсаудан, Сізге жұмыс уақытында жеке іс бойынша қоңырау шалған адамның бос әңгімесін тыңдаудан қашасыз. Иә, бұлар – телефонмен сөйлесу әдебін түсінуіңізге көмектесетін өмірлік жағдайлар болуы керек.


Сіз қоңырау шалған кезде


Нөмірді теріп, қоңырау шалып, әңгіме айту оңай. Бірақ, көптеген адамдар әңгімені жағымды бастаса, ол ары қарай дами беретініне мән бермей жатады. Мысалы, іскерлік қоңыраудың табысты болуы жоғарыда айтқандай, сөйлесудің алғашқы сәттеріне тікелей байланысты. Жеке қоңыраулар туралы да солай айтуға болады. Сіз жарты сағат немесе бірнеше минут қана сөйлесіңіз, бірақ бәрібір сәлеміңіздің қатты әсер ететінін ұмытпаңыз.

Жұмыс барысымен


Сіз ұйымның атынан өзге ұйымға қоңырау шаласыз және шартты сәлемдесу жүреді. Сол кезде Сіз ұйымды ұсынғанда оның атауы мен лауазымын қалай айтатыныңызды белгілеп алыңыз. Бұдан әрі қоңыраудың мәнін қысқаша баяндаңыз. Ал, ұзақ әңгіме болса, ол адамға қолайлы уақытты біліп алыңыз.


Жұмыс барысымен қоңырау шалғанда: «Қайырлы күн!», «сізді мазалап тұрған»; жеке ұсыныстан кейін: «маған осындай мәселені шешуге көмектесіңіз», «мәлімдеуіңізді өтінемін», «мені қызықтырады» және т. б. тіркестерді қолданған дұрыс. Олар сіздің пайдаңызға қызмет жасайды.


Досыңызға немесе туысыңызға жеке қоңырау шалу

«Сәлем, досым. Үй-ішің аман ба?» әрине, жақындармен сөйлесуді осылай бастау керек. Әсіресе, жағдай сұрау мақсатында ғана емес, белгілі бір іс бойынша қоңырау шалғанда. Сондай-ақ, жақыныңыз жұмыста немесе іскерлік кездесуде болса, жеке мәселелерімен айналысып жатса немесе сіздің нөміріңіз сақталмаған болса, байланыс сапасыздығынан дауыс бейтаныс болып естілсе, өзіңізді және досыңызды ыңғайсыз жағдайға түсірмеуге тырысыңыз.


Әңгімені жалғастыру


Кез келген сөйлесуде әңгімелесушінің жағдайын бағамдай білу керек. Телефонмен сөйлесуді қалай керемет бастасаңыз, дәл солай жалғастыру да үлкен мәнге ие.


Іскерлік қоңырауды жалғастыру


Байланысты бастаға Сіз. Демек, әңгімеңізде маңызды мәселе бар. Екінші тарапқа кедергі жасамау үшін сізді қызықтыратын сұрақтардың тізімін алдын ала дайындаңыз, әңгімелесушіні мұқият тыңдаңыз және жауаптарды конспектілеуге тырысыңыз, бұл қайта сұрамауға көмектеседі. Ал, әңгіме барысында байланыс үзіліп қалса, өзіңіз қоңырау шалыңыз және әңгімені Сіз аяқтау керексіз. Соңында екінші тарапқа алғыс айтыңыз.


Телефон арқылы жеке әңгіме

Жеке әңгімелердегі жағдай оңайырақ. Бірақ мұнда да телефон әдебін сақтайтын кейбір жерлер болады. Мысалы, досыңыз сізге ыңғайсыз уақытта қоңырау шалды. Мұндай кезде: «кешірші, қазір жиналыстамын» немесе «менде өте маңызды кездесу, кейінірек қоңырау шаламын» деген сөздерді қолданыңыз. Ал, досыңыз маңызды нәрсе туралы айтатынын білсеңіз: «Мен бұл өте маңызды екенін түсінемін. Босағанда бірден қоңырау шаламын» деу керек, ол көңіл бөлудің көрсеткіші болады.Демек, артық реніш болмайды. Айтпақшы, уәде еткен жағдайда қоңырау шалыңыз.

Телефонмен сөйлесудің жалпы ережелері:

  • Қоғамдық орындарда және жұмыста дауыстап жеке әңгіме жүргізбеңіз. Сіз айналадағыларды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз, олар сіздің өміріңізегі жағдайларды тыңдауға міндетті емес.
  • Сөйлесіп отырған адамның келісімінсіз телефонды қатты дыбысты байланысқа қоймаңыз. Мұндай жағдай қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ, бірінші кезекте бұл – телефонның екінші шетінде адамға құрмет көрсету.
  • Қоңырау әуенін мұқият таңдаңыз. Өйткені жаныңызда жүйке жүйесіәлсіз адамдар болуы мүмкін.
  • Кеңестерде, жиналыстарда, мәдениет мекемелерінде, сондай-ақ осындай ережелер жазылған жерлерде болған кезде телефонды дыбыссыз режимге қойыңыз.
  • Телефонмен сөйлесу және тамақ ішуді біріктірмеңіз. Бұл түсінуді қиындатады және әңгімелесушіге құрмет көрсетпеу болсып саналады.
  • Таң атпай тұрып немесе түнде жәй қоңырау жасамаңыз. Мұндай уақытта тек ең шұғыл істер бойынша сөйлесуге болады.


Енді Сіз телефонмен сөйлесу әдебінен хабардарсыз. Уақытында қоңырау шалыңыз. Сыпайы болыңыз. Жағымды және жақсы көңіл-күймен сөйлесіңіз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Түкке пайдасы жоқ гаджеттер (ТОП-10)


Өмір сүру ЖЕҢІЛ болсын десеңіз, Сізге мыналар қажет