Бұдан кейін Сіздің суреттеріңізге бүкіл ел тамсанатын болады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Соңғы бес жылда смартфондардың камерасы үздіксіз жетілдіріліп, тіпті кейбірінің мүмкіндігі сандық фотоаппараттармен теңесіп қалған жағдайы бар. Ал, кейбір телефондармен түсірілген суреттердің сапасы көңілден шықпай жатса, жаңа технологиялардың көмегіне жүгінуге болады. Олар:
1. Бекіткіш «Rodegrip»
Қалта немесе сөмкеге салып алып жүруге өте ыңғайлы бұл бекіткішті қолда ұстап жүріп қолдануға немесе штатив тірегіне бекітуге болады. Егер, сапалы видео жасауды немесе жақсы суреттер түсіруді қаласаңыз, бұл құрылғы сатып алуға тұрарлық.
2. «Lens Kit» линзасы
Қазір көптеген адамдар өздері қолданатын әлеуметтік желілердегі парақшасына сапалы сурет немесе бейнеролик салғысы келетіні жасырын емес. Бірақ, өзгелерден ерекше болу үшін әрбір материалға көп көңіл бөліп, мол күш жұмсау қажет болады. Сондай кезде, Сіз жақын және алыс қашықтықтан керемет сурет түсіруге көмектесетін осы линзаны қолдана аласыз. Тіпті, оның қорабында түрлі ара-қашықтыққа арналған үш түрлі линза болады екен.
3. Мобильді принтер «Polaroid»
Егер Сіздің галереяңыздағы қажетті суретті тап сол сәтте басып шығару керек болса, Polaroid мобильді принтерін қолданыңыз. Бірнеше секундтың ішінде ойыңыздағыны орындайтын бұл гаджет суретті 5х7,5 см көлемінде түрлі-түсті етіп шығаруға қабілетті.
4. «Avoi» шағын жарықшамдар
Бұл жабдықтың көлемі кіші болғанымен, өте мол жарық бөле алады. Оның сымын кез келген смартфондағы құлаққапқа арналған тесікке тығып, бір сағат бойы үздіксіз қолдануға аласыз. Кез келген қараңғы жерден тамаша фотосуреттер мен видеолар түсіру үшін таптырмас гаджет.
5. Су өткізбейтін «Optrix» корпусы
Су өткізбейтін Optrix корпусының көмегімен кез келген уақытта керемет су асты суреттерін түсіруге болады. Ол 10 метрге дейінгі тереңдікте жұмыс істеп, 7 метр биіктіктен құлаған жағдайда, соққыға қарсы тұра алады. Ол су спорты әуесқойлары үшін керемет құрал.
Дайындаған: А.Мейірхан,
Тағы оқыңыз: