Телефонды қуаттаудың естен шығып кете беретін 5 ережесі

0
5 746

Қарыштап дамыған технологиялар ғасырында ноутбук, планшет немесе заманауи телефонсыз өмір сүру қиынырақ. Дегенмен, ең жақсысы деп танылған құрылғылардың өз артықшылықтарына қарамастан, кемшіліктері де болады. Оның ішіндегі ең бастысы – қуатының тез таусылып қалуы.


Телефонды қуаттаудың естен шығып кете беретін 5 ережесі

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қазіргі заманауи гаджеттер, яғни ноутбук немесе телефонның ұзақ әрі жақсы жұмыс істеуі үшін оларды дұрыс қуаттауды білу керек. Сол жайында бүгінгі мақаламызда бірнеше кеңестер ұсынамыз.


1. Әр гаджеттің өзінің қуаттағыш құрылғыларын пайдаланыңыз

Көп жағдайда қуаттағыш құрылғы мобильді құрылғыларға тікелей орналасады, ал сыртқы желілік адаптер түсетін күшті жеңілдетіп, тұрмыстық электрожелінің тоғын түзететіп отырады. Сол кезде ғана тоқ батареяға тікелей әсер ете алмайды, бірақ мұны көп адам біле бермейді.

Сондай-ақ, кейбір гаджеттерде, мысалы сандық фотокамераларда іштей орнатылған қуаттағыш құрылғы болмайды, сондықтан олардың литий-иондық аккумуляторларын сыртқы қуаттағышқа орналастырады. Ал осындай жағдайда сапасыз қуаттағышты пайдалану батареяның жұмысқа қабілеттілігіне кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар ұялы телефондарға да байланысты, яғни өзге телефонның қуаттағышы Сіздің телефоныңызға кері әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан «родной» құралды пайдаланыңыз.


2. Құрылғыңызды қуаттағыштан уақытылы ажыратыңыз

Гаджетіңізді 50-80%-ға дейін қуаттап отыратын болсаңыз Сізге ұзағырақ қызмет ететін болады. Егер, аккумуляторды 100%-ға дейін қуаттасаңыз, оны уақытында тоқтан ажыратқан дұрыс, өйткені бұндай жағдайдың бірнеше рет қайталануы батареяның қызмет ету уақытының азаюына себеп болады. Сондықтан, құрылғыны түні бойы қуаттағышқа тығулы күйінде қалдырмауға тырысу керек.


3. Құрылғыны жиі қуаттаңыз

Ноутбук немесе телефоныңызды қуаты толық таусылып қалуына дейін жеткізбеңіз. Заманауи гаджеттерде қолданылып жүрген литий-иондық аккумуляторларда есте сақтау әсері деп аталатын әсер жоқ, сондықтан оларды қуаты таусылғанша ұстамай, жиі қуаттап отырған дұрыс. Ол Сізге көп пайда әкелмесе, зиян болмайды.

Сондай-ақ, көптеген өндірушілер литий-иондық аккумулятордың жарамдылық мерзімін қуаты қанша рет толықтай өшкенінің (0%-ға дейін) циклімен санап отырады. Сапалы аккумуляторлар үшін бұл 400-600 циклге тең. Ал, литий-иондық аккумуляторыңыз ұзақ уақыт бойы Сізге сапалы қызмет еткенін қаласаңыз, телефоныңызды немесе ноутбукты жиі қуаттап тұрған абзал.


Ең дұрысы, батарея қуатының деңгейі 10-20%-дан төмендесе телефонды қуаттағышқа жалғаңыз! Бұл аккумулятордың қуатының таусылып қалу циклін 1000-1100-ге дейін төмендетеді.


4. Аккумулятордың қатты қызып кетуіне жол бермеңіз

Литий-иондық аккумуляторлардың басты жауы жоғары температура, яғни оларға қатты қызып кету көп зиян тигізеді. Сондықтан мобильді құрылғыларыңызды күн сәулесінің тікелей түсетін жеріне, сонымен қатар жылу құбырларына жақын қоймаңыз немесе тастамаңыз.


Литий-иондық аккумуляторларды пайдалануға болатын температура мөлшері — 40 °C-тан + 50 °C-қа дейін!


5. 90 күн сайын құрылғының қуатын 0%-ға дейін тауысып, 100%-ға дейін қайта қуаттын толтырып отыру керек


Батарея қуатын нөлге дейін тауысу сияқты, ұзақ уақыт бойы толықтай қуаттандыра беру де литий-иондық аккумуляторлар үшін зиян екенін айттық. Сондай-ақ, қалай болса солай қуаттау да өте зиянды, мысалы біз көбіне телефонды кейде USB арқылы, розеткадан, сыртқы аккумулятордан және т.б. әдістермен қуаттай береміз ғой. Осылай құрылғыны тұрақсыз қуаттандыру процесстеріне байланысты мамандар 3 айда бір рет аккумуляторды толықтай отырғызып, қайта 100%-ға дейін қуаттап отыруды және солай қуаттандырғышта 8-12 сағат ұстап тұруды ұсынады.

Біздің Сізге ұсынатын кеңестеріміз осылар. Неғұрлым құрылғыңызға жақсы күтім көрсетсеңіз, ол да Сізге жақсы, сапалы қызмет көрсететініне сеніңіз!

Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жаңа жылдық керемет сыйлықтар (гаджеттер)


Жаңа жылдық сыйлық таңдай алмай жүрсіз бе?