Дәстүрлі меркетин саласына жаңа леп алып келген америкалық кәсіпкер әйел Лилиан Вернон әлемді өзгерткен 13 нәзік жандының бірі.
Дәстүрлі меркетин саласына жаңа леп алып келген америкалық кәсіпкер әйел Лилиан Вернон әлемді өзгерткен 13 нәзік жандының бірі.
“Lillian Vernon Corporation” компаниясының негізін қалаған Лилиан өзінің кәсіпте жолы болуын ішкі түйсігін тыңдағаннан деп түсіндіреді.
Оның да еңбекжолы көп еуропалықтар сияқты жасөспірім шаңында басталады. Ең алғаш 14 жасында кинотеатрда билет тексеруші болып сағатыны 10 цент табатын. Кейіннен дүкенде сатушы болады, өмірінде біршама жұмыстарды атқарған Лилиан ханым олардың бәрі кәсіпке келуінде тамаша мектеп болғанын ерекше атайды.
"Дәл осы жұмыстар мені түрлі адамдармен араласуды, олардан қорықпауды үйретті. Бастысы мінезімнің ұялшақтығын жойды, одан құтылуым тиіс еді" деген кәсіпкер мектептен кейін Нью-йорк университетіне оқуға түседі. Бірақ бірінші курста Маунт Вернон есімді жігітке тұрмысқа шығып университетпен қоштасады.
Өзінің жеке бизнесін ас үстелінен бастаған Лилиан аз уақыттың ішінде сыйлықтар жасайтын, жылына миллиондаған табыс алып келетін кәсіптің иесі атанады. Сенсеңіз, ол ешқашан бизнеске жұмыс деп қараған емес екен. Сондай-ақ, ол үшін үнемі бірінші орында отбасы болған. Ал кәсіптегі биігін әйелдік түйсікпен жеттім деп есептейді.
Фото ашық дереккөздерден алынды.
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ