Ақшаны ақылмен жарату керек. Өйткені ол ақылсыздардан алыс жүргенді дұрыс көреді екен. Сол себепті біз бүгін қаржыңызды үнемдейтін «ақылды» ережелерді айтып береміз.
Ақшаны ақылмен жарату керек. Өйткені ол ақылсыздардан алыс жүргенді дұрыс көреді екен. Сол себепті біз бүгін қаржыңызды үнемдейтін «ақылды» ережелерді айтып береміз.
- Күн сайын 50 теңгеден қор жинауды ұмытпаңыз. Адамның үнемі артық қоры болуы керек.
- Жеңілдік карталарын қолданыңыз. Қазіргі күні дүкендерде түрлі жеңілдіктер қарастыратын арнайы карталар бар, олардың сізге артықтығы болмайды. Тек жиі қолданбасаңыз болғаны.
- Карпулинг системасын қолданыңыз. Карпулинг дегеніміз не? Такси қызметін онлайн қолдану. Қазір мұндай бағдарламалар өте көп, олардың ең арзанын таңдап алуға болады.
- Аптасына 2 күн етсіз тамақтанып көріңіз. Әдетте дәрігерлер көкөністің денсаулыққа пайдасы мол екенін жиі айтады. Екі күнді тек көкөністен дайындалған тағамдармен өткізіңіз.
- Жартылай дайындалған тағамдарды мүлде сатып алмаңыз. Қазіргі уақытта барлық тағамның дайын түрі дүкенде толып тұр, үйіңізге алып келіп, буға пісіріп, жей беруге болады. Бірақ бұл біріншіден зиян, екіншіден ақша артығымен кетеді.
- Дизайнерлік киімдерді интернет арқылы сатып алыңыз. Көпшілік әлі күнге ғаламтор арқылы тапсырыс беруге қорқады, бірақ оның тиімді тұсы көп екенін түсініңіз.
- Көбірек кітап оқыңыз. Оны сатып алуға ақшаның қажеті жоқ! Әлі күнге дейін кітапханалардың жұмыс істейтінін ұмытпаңыз, немесе электронды нұсқасына таңдау жасаңыз.
- Спортпен айналысыңыз. Ол сіздің сергек болуыңызға көмектеседі, әрі денсаулықты нығайтады. Дәрі сатып алу үшін ақша іздемейтін боласыз.
- Қымбат, сапалы аяқ киім сатып алыңыз. Әр маусым сайын аяқ киім жаңалағаннан, сапалысын ұзақ киюге болатынын білетін шығарсыз?
- Әуе билеттерін онлайн алыңыз. Ол жерде таңдау мол, әрі қалтаңыз көтеретінін ойланып таңдайтын боласыз.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Автор: karashash_esenbay
ERNUR.KZ