Э. Жұмағазиев: "​Кәсіпкерлердің игілікті істері насихатталуы керек"

0
1 318

Бұл туралы Талдықорған қаласында өткен мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес және «ASAR» мемлекетінің үшжақты әріптестігіне арналған ІІ республикалық форумы барысында айтты


Э. Жұмағазиев:

Бұл туралы Талдықорған қаласында өткен мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес және «ASAR» мемлекетінің үшжақты әріптестігіне арналған ІІ республикалық форумы барысында айтты.

Форумның негізгі тақырыбы жергілкті қоғамдастықтардың өңірдің тұрақты дамуына қосқан үлесіне қатысты болды.Форум жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, сонымен қатар бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік құрылымдар, отандық және халықаралық мемлекеттік емес ұйымдардың 300-ге тарта өкілі қатысты.

Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, қазіргі таңда бизнес жоғары әлеуметтік жауапркешілікті көрсетіп отыр. Былтырдың өзінде 2 мың компания әлеуметтік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мақсатында 122 млрд теңге қаржы жұмсаған.

Осы ретте 2017 жылдың қыркүйек айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің атаулы қайырымдылық шараларын өткізу бойынша бастамаларын қолдау үшін «Атамекенім» акциясын іске қосқан болатын.

ERNUR.KZ