Қай банктен депозит ашқан тиімді?

0
10 078

Депозит —бұл тұтынушылардың банктегі жеке шоттарына салған және өздері пайдалана алатын қаражаттар. Енді еліміздегі көп банктердің алғашқы жарнасы 15 000 теңгеден басталады. Ал мерзімі бір жылдан бастап, әрі қарай қалағаныңызша жалғастыруға болады. Бүгін елдегі танымал банктердің депозит үшін ұсынатын ережелеріне шолып өтсек.


Қай банктен депозит ашқан тиімді?

Қазір барлығы ақша жинау үшін банктің көмегіне жүгінетіні рас. Осы орайда, алдымен депозит дегенімізге түсінік берсек.

Депозит —бұл тұтынушылардың банктегі жеке шоттарына салған және өздері пайдалана алатын қаражаттар. Енді еліміздегі көп банктердің алғашқы жарнасы 15 000 теңгеден басталады. Ал мерзімі бір жылдан бастап, әрі қарай қалағаныңызша жалғастыруға болады. Бүгін елдегі танымал банктердің депозит үшін ұсынатын ережелеріне шолып көрейік.

"Халық банк". Сіз банк бөлімшелеріне келмей-ақ "myhalyk.kz" сайтында онлайн түрде депозит рәсімдей аласыз. Негізі көпшіліктің айтуынша, ең сенімді банктің бірі "Халық банкі", өйткені сыйақы мөлшері көп өзгеріске түспейді. Әрі оның мөлшері сіздің депозитіңіздің сақталу мерзімен байланысты өзгеріп отырады. Банкте депозиттің бірнеше түрі ұсынылады. Соның ішінде "Halyk – керемет" депозитінің ең төменгі мөлшері 5000 теңге. Салым мерзімі 3,6,9, 12 айға жүргізеледі. Олардың жылдық сыйақысы тиісінше 3,6, және 9 айға (9%) болса, бір жылға (11%) пайызды көрсетеді.

Толық "halykbank.kz" сайтынан оқуға болады.

"Казкоммерцбанк". Бұл жердегі сіз 15 000 теңгеден жоғары қаражатпен депозит аша аласыз. Оны 3 айдан 24 айға дейін рәсімдеуге болады. Ал жылдық сыйақы мөлшері- 3 айға -8%. 6 айға – 11%, 12 айға – 13,2%, 18-24 ай аралығында 13%-ды құрайды. Депозиттен ақша алу үшін шотыңызда ең азы 15 000 теңге қалуы керек. Сондай-ақ теңгемен, АҚШ долларымен, евромен де қор жиа беруге болады.

Толық "qazkom.kz" сайтынан оқуға болады.

"Kaspi" банкте бар болғаны 1000 теңгемен депозит аша аласыз. Оның мерзімі 1 айдан 2 жылға дейін болуы мүмкін. Бірақ қандай мерзімге рәсімдегеніңізге қарамастан оның жылдық сыйақы мөлшері - 12% құрайды. Ал депозитке ақша салу немесе алу операцияларын мобильді қосымша арқылы жүзеге асыра беруге болады.

Толық "Kaspi.kz" сайтынан оқуға болады.

Одан өзге банктерге депозит ашқыңыз келсе әр банктің ресми сайттарынан көруге және қоңырау шалып толық ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ