Қазақстан кәсіпкерлерінің іскерлік әдебі қағидалары қабылданды

0
3 489

Құжатқа бизнесмендер этикасының базалық қағидалары енген. Осы Кодексті бұзу бойынша шағымдарды қарастыру арнайы құрылған этика бойынша кеңес («Атамекен» Төралқасы және Өңірлік кеңестері жанынан құрылады) жұмысы аясында жүзеге асады деп болжануда. Кеңес құрамына мінсіз абыройы бар анағұрлым беделді кәсіпкерлер кіреді.


Қазақстан кәсіпкерлерінің іскерлік әдебі қағидалары қабылданды

Құжатқа бизнесмендер этикасының базалық қағидалары енген. Осы Кодексті бұзу бойынша шағымдарды қарастыру арнайы құрылған этика бойынша кеңес («Атамекен» Төралқасы және Өңірлік кеңестері жанынан құрылады) жұмысы аясында жүзеге асады деп болжануда. Кеңес құрамына мінсіз абыройы бар анағұрлым беделді кәсіпкерлер кіреді.

Өзінің құрылған күнінен бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталып отыр. Осы бағытта заңнамалық деңгейде әрі тәжірибе жүзінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бизнеске жасалып отырған «қысым» деңгейі төмендеді. Бұл жайт кәсіпкерлік дамуы мен өсуіне негіз беріп отыр. Алайда мемлекеттік бақылаудың қысқаруына байланысты тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде басқа құралдар қажеттілігі туды.

Осы ретте ҰКП адамдар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне, тұтынушылар, бизнес және мемлекет мүдделері арасында теңгерімге қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесін әзірледі.

«Қазақстанда бизнес жүргізу этикасының жетілу дәстүрі енді ғана қалыптасу кезеңінде тұр. Кәсіпкерлер тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде өз жауапкершілігін толық сезініп жатқан жоқ. Сонымен қатар бизнес серіктестер, кәсіпорын қызметкерлері, бүкіл қоғамның мүддесі ескерудің қуатты дәстүрі әлі қалыптаспады. Бүгін қабылданған Кәсіпкерлер этикасы мен іскерлік әдебі кодексі осы сын-тегеуріндерге толық жауап береді деп күтілуде», – деді Рустам Жүрсінов.

Сондай-ақ, «Ашықтық. Жауапкершілік. Бедел» атты пилоттық жоба қарастырылып отыр. Аталған жоба аясында кәсіпорындарға этикалық ережелер бойынша консультациялық көмек көрсету жоспарланған. Сәйкес салаларда отандық және шетелдік этикалық кодекстердің үлгілері, іскерлік әдеп стандарттары жарияланатын болады. Сонымен қатар адал және жауапты кәспорындардың «Ақ кітабын» енгізу және осы ақпаратты ашық қолжетімділікте жариялау жоспарланған. Осы реттесалалық сегменттерде этика стандарттарын ұстануды бағалауға негізделген кәсіпкерлер рейтингтерінің маңызы зор болмақ.

Фото ашық дерекөздерден алынды.

Автор: karashash_esenbay

Дереккөз: "Атамекен" ҰКП сайты