Қазақстандағы ең арзан пәтерді қай қаладан табуға болады?

0
1 723

​krisha.kz басылымы 2018 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, ең арзан пәтердің Қазақстанның қай қаласында орналасқанын айтты.


Қазақстандағы ең арзан пәтерді  қай қаладан табуға болады?

krisha.kz басылымы 2018 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, ең арзан пәтердің Қазақстанның қай қаласында орналасқанын айтты.

Бұл тізімдегі бесінші орын Өскемен қаласына тиесілі. Мұнда баспананың шаршы метрі – шамамен 165,4 мың теңге. Бұл Астана мен Алматы қаласындағы пәтер құнынан екі есе арзан. Аумағы 40 шаршы метр болатын пәтердің бағасы Өскеменде 6,6 млн теңгені құрайды екен. Үш бөлмелі пәтер – 13,2 млн теңге.

Рейтингтің төртінші орнына тағы бір шығысқазақстандық қала – Семей келіп жайғасты. Мұнда бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 6,4 млн теңге. Үш бөлмелі пәтер үшін саудагерлер 12,8 млн теңге сұрайды. Осылайша, Семейдегі баспананың орташа бағасы 160,4 мың теңге болып тұр.

Тізімдегі үшінші орын Павлодарға тиесілі. Мұнда пәтердің шаршы метрі 159,5 мың теңге. Ал екінші орында – Ақтөбе. Бір шаршы метрдің бағасы – 155 мың теңге.

Ең арзан пәтер – Таразда болып шықты. Мұнда пәтердің бір шаршы метрі – 151,9 мың теңге.

2017 жылы қазақстандықтардың баспана нарығындағы белсенділігі 26 пайызға өсті. Өткен жылы Қазақстанда 239,6 мың баспана сатып алу- сату келісімшарты жасалған. Ең көп келісімшарт жасалған қалалар қатарында Астана (14,6%), Алматы (14%) және Қарағанды (10,4%) тұр.

Бүгінде еліміздегі жаңа үйдегі пәтердің бір шаршы метрінің орташа бағасы – 253,2 мың теңгені құрайды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға қымбат.