Кәсіпкерге ментор не үшін қажет?

0
10 007

Соңғы кезде кәсіпкерлерге менторлық етушілердің қарасы көбейді. Жалпы ментор ұғымына терең бойлап көрдіңіз бе, оның қызметінен хабарыңыз бар ма? Біз ойлағандай жауап болса, төменге қарай өтіп ментор түсінігімен танысыңыз.


Кәсіпкерге ментор не үшін қажет?

Соңғы кезде кәсіпкерлерге менторлық етушілердің қарасы көбейді. Жалпы ментор ұғымына терең бойлап көрдіңіз бе, оның қызметінен хабарыңыз бар ма? Біз ойлағандай жауап болса, төменге қарай өтіп ментор түсінігімен танысыңыз.

Ментор дегеніміз - сіздің кәсібіңіз, не қызметіңізді жетік білетін және оның табысқа жету жолын айқындай алатын тәжірибелі адам. Ол сізбен ақпаратын, өз білімін бөліседі.

Қазіргі бәсекелестік қарқынды жүретін заманда "ментор керек пе?" деген сұрақ көп кәсіпкерлерді мазалайтыны рас. Дегенмен шетелдіктер жүргізген статистикаға сүйенсек, кәсібі бар адамдардың көпшілігі жетістікке жету жолында менторларының көмегі зор болғандықтарын айтқан.

Сондай-ақ, жетекшісі бар ұарапайым жұмысшылардың өзі басқаларға қарағанда мансапта беделді болып, тезірек дамиды екен.

Негізі ментордың басты жұмысы сіздің ойыңызды бір бағытқа бұрып, сіз білмейтін, көрмейтін мүмкіндіктермен таныстырып, кеңес беру. Менторыңыздың тәжірибесі мол, беделді адам болса сіздің де табысты адамдармен танысуыңыз, байланыс орнатуыңыз жеңіл болады.

Менторды қалай табуға болады?

Бұл кәсіпкерлердің барлығы үшін дерлік қиын сұрақ. Менторлық жасайтын жеке тұлғалар мен осы қызметті ұсынатын компаниялардың да көбейгені рас.

Өз кәсібіңізге бағыт беретін адамды салаңызға қатысты конференция, іскерлік кездесулерден тапқаныңыз жақсы. Тағы бір жағдайда өз жобаңызды қолдаушыларға ұсынып, олардың көмегімен де іздестіруге болады.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор:karashash_esenbay

ERNUR.KZ