Мықты кәсіпкерлер үшін бұл термин өте жақсы таныс. Өйткені олар ROI, яғни бизнесіндегі кіріс-шығындарын үнемі қадағалап отырады. Бизнеске тартылған инвестицияны есептеп, оның табысы мен шығын сомасы ескерілетін қаржы коэффициенті.

ROI дегеніміз - бизнестегі шығындар мен кіріс деңгейін есептейтін метрика болып табылады. Оның нарықта бірнеше түрі қолданылады. Ал сіздер үшін біз ең қарапайым тәсілін ұсынамыз.
(Кіріс – өзіндік құн)/шығындар
Өзіндік құн - өнімге арналған баға, жеткізілуге бөлінетін қаржы, қызметкердер ақысы қоса есептеледі.
Кіріс - өнімнен немесе қызметтен түскен нақты қаржы соммасы.
Инвестиция көлемі - бұл инвестиция болатын жалпы қаржы.
ROI әдетте пайызбен, кейбір кезде бөлшек түрінде есептелінеді. Бұл көрсеткіш сондай-ақ, мынадай атауларға ие: инвестицияланған капиталдан түскен пайда, инвестициядан түскен пайда, қайтарым, инвестицияланған капиталдың кірісі, табыстылық нормасы. Сонымен қатар активтер, капитал, бизнестің негізгі қарыз сомасы, және басқа да ақшалай инвестициялар- инвестициялар сомасының мәні болуы мүмкін.
Фото ашық дереккөздерден алынды.
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ