Несиені қайтаруды кімдер ұмытып кетеді?

0
2 354

​Қарызды төлеу мерзімін тұрақты негізде сақтамайтын клиенттер арасында ақшаның жетіспеушілігі емес, атқарушылық тәртіптің болмауы кең етек жайған.


Несиені қайтаруды кімдер ұмытып кетеді?

Фото: kaz-kredit.kz

Қарызды төлеу мерзімін тұрақты негізде сақтамайтын клиенттер арасында ақшаның жетіспеушілігі емес, атқарушылық тәртіптің болмауы кең етек жайған. MoneyMan.kz компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, істі соңғы сәтке дейін қалдыру, яғни қарапайым прокрастинация мерзімі өткен төлемдердің пайда болуына алып келеді екен.

Әдетте қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен төлемдер туралы сөз қозғағанда, аурухана бөлмесі бойынша орташа температура туралы айтуға болады. Алайда NPL 90+ проблемалық мерзімін өткізу фактісі айсбергтің ұшы болса, ал оның іргетасын 1-15 күн аралығындағы мерзімі өткен төлемдер құрайды.

Мұндай ситуацияға қарызды төлеуді кейінге қалдыру жатады. Адам уақытында төлеудің маңыздылығын түсінеді, бірақ болмашы себептерді тауып, төлеуді кейінге қалдыра береді.

Егер қарыз алушы ағымдағы қаржылық міндеттемелерін кейінге қалдыруды әдетке айналдырса, оның кредиттік тарихының бұзылатындығы сөзсіз.

Қарызды уақытында төлеуді «ұмытуға» бейім клиенттердің саны Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарында жоғары екен.

Зерттеу барысында банк бөлімшелері мен терминалдардың саны жетіспейтін өңірлердегі қарыз алушылардың төлем тәртібі жоғары екендігі анықталды.

Мысалы, Қостанай облысы бойынша мерзімі өткен төлемдердің үлесі нарықтың жалпы үлесінің 0,7%-н ғана құрайды екен.

Бұған қоса зерттеу нәтижелерінде қарызды төлемейтін клиенттердің әлеуметтік портреті барлық өңірлер үшін бірдей екендігі туралы ақпарат келтірілген.

Біріншіден, әлеуметтік категориялар сан алуан, екіншіден, зерттеу кезінде белгілі бір заңдылық байқалған.

Мысалы, онлайн кредиттеу сервисін пайдаланатын клиенттердің арасында ерлер басым болып шықты. 2017 жылы және 2016 жылдары олардың үлесі 41% және 53%-ды тиісінше құрады.


Алайда MoneyMan.kz компаниясының статистикасына сәйкес әйелдер арасында қарызды төлемеу көрсеткіші 59% болса, ерлер арасында бұл көрсеткіш 41%-ға тең болған.


Қарыз алушылардың отбасылық статусының рөлін де атап көрсеткен жөн. Мәселен, зерттеу барысында 63,6% «проблемалық» қарыз алушылар отбасылық қарым-қатынаста емес екендігі анықталды. Алайда 2017 жылғы статистикаға назар аударсақ, ресми немесе азаматтық некедегі клиенттер 2,4%-ға жиі қарыз ала бастаған. Нәтижесінде олардың жалпы үлесі берілген қарыздың жалпы санының 37,4%-н құраған.

Қарызды төлеуді кейінге қалдыратын қарыз алушылардың жас аралығы туралы айтатын болсақ, MoneyMan.kz компаниясының деректері бойынша онлайн қарыз алушылардың жасы 18-30 аралығында екендігі белгілі болды.

Егер 2016 жылы мұндай жас аралығындағы клиенттердің арасындағы шарттардың үлесі 52,4% болса, 2017 жылы осы сегменттегі клиенттер шамамен 56,6% қарызды ресімдеген.

«Менің жұмысым жақсы. Жеке өмір сүруге мүмкіндігім бар, алайда соған қарамастан тұрақты түрде қарызға кіремін. Шынымды айтсам, қарыз немесе кішігірім сомаға кредит алуды жөн санаймын, себебі туыстарыма немесе достарыма маған неге үнемі ақша қажет екендігін түсіндірген ыңғайсыз. Ұзақ мерзімге үлкен соманы кредитке алғанша қысқа мерзімге қарыз алғанды дұрыс деп есептеймін және менің төлем тәртібім өте жақсы. Мен 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеймін, жақын жерде банктердің бөлімшелері жоқ, ал үйге қайтқанда тағы бір жерге бару мүмкіндігі әрқашан бола бермейді, тіпті кейбір жағдайларда өтеу ыңғайсыз болады. Иә, менің сөзім кейбір адамдар үшін ақылға қонымсыз болуы ықтимал екендігін түсінемін. Алайда мен үшін қысқа мерзімге жалақыға дейін шағын қарыз алу жақсы шешім» - деді өз пікірімен бөліскен Алматы қаласының тұрғыны Алена.

Бұл ретте қарыз алушылардың жасы мен қаржылық тәртіп арасындағы байланысты байқау оңай. Ересек адамдар өз міндеттемелеріне жауапты қарап, төлемдерді уақытында енгізеді.

Осы факттің дәлелі ретінде зейнеткерлерді қарастырайық. Олар тұрғын үй қызметтерін төлейді және шағын кредитті ресімдейді. Зейнеткерлер бірден барлық қажетті төлемдерді төлеп, «ертеңгі күнге» қалдырмайды, ал жастар болса, төлемдерді кейінге қалдыруға қарсы емес.

Тағы бір айта кететін жайт, табысы шағын азаматтардың ақшалай міндеттемелеріне деген жауапкершілігі өте жоғары. Табысы 25 000 – 50 000 теңге аралығындағы адамдар - қарызгерлердің 6%-ын ғана құрайды.

Бір жағынан, табысы орташа қарыз алушылар кейбір жағдайларда кредитті уақытында төлеу мүмкіндігінің болуына қарамастан, қарызды уақытында төлеуді жөн көрмейтін жағдайлар болады және сол себептен мұндай тұлғаларда кез келген сәтте төлем мерзімін өткізіп алу мүмкіндігі жоғары болады.

Сонымен қатар, қарыз алушылардың тағы бір категориясы, яғни төлемдерді уақытында төлемеу себебінен ситуацияны одан әрі шиеленістіріп, қарызды төлеуден мүлдем бас тартады. .

Мұндай категориядағы борышкерлерден берешекті қайтару мүлдем қиынға соғады, себебі олар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін дұрыс бағаламай, қарызды алып, оны төлемейді. Мысалы, олар қарыз берушіден ескерту алмас үшін телефон нөмірлерін, сауалнамада көрсеткен жұмыс орындарын, тіпті тұрғылықты мекенжайын өзгертеді.

MoneyMan.kz компаниясының деректері бойынша мұндай қарыз алушылар клиенттердің жалпы пулында бірнешу ғана. Төлем мерзімін өткізген тұлғалардың басым бөлігі мұндай ситуацияға өздерінің зейінсіздік деңгейінің төмен болуынан тап болады, ал кейбір қарыз алушылар материалдық жағдайы қалпына келгенде және сұрақ оң шешілгенде қарыздарын төлеуге дайын.

MoneyMan.kz онлайн кредиттеу сервисінің бас директоры Андрей Игнатенко қазіргі сәтте адамдар кредит өнімдерін жете түсіне бастағанын айтады.


«Ақшалай қарыз – өте пайдалы құрал және оның тиімділігі адамға ғана байланысты. Егер қарыз алушының нақты мақсаты болса және ол қарызды уақытында өтесе, болашақта оның кредиттік тарихы дұрыс болады және тиісінше қаржыға қол жеткізу оңай, ал өмірі айтарлықтай ыңғайлы болады» - дейді Игнатенко мырза.