"Тиынды қысып ұстаудың қажеті жоқ": Генри Фордтың табысты тарихы

0
3 122

Генри Форд есімін естіген кезде ойыңызға бірден автомобиль келері хақ.


"Үлкендер жастарға үнемі ақшаны үнемде дейді. Бұл нашар кеңес. Тиынды қысып ұстаудың қажеті жоқ. Өзіңізге керегінше жұмсаңыз. Мен 40 жасқа келгенше доллорларды аяғаным жоқ"-, дейді тарихта өз есімін ойып қалдырған Генри Форд.

Генри Форд есімін естіген кезде ойыңызға бірден автомобиль келері хақ. Бұл түсінік өткен ғасырда-ақ қалыптасып қойған. Өйткені Генри Форд машина құрылысында революция жасаған тұлға саналады, өйткені жеке автомобиль ойлап тапқан адам.

Өткен ғасырдың ең үздік бизнесмені 1863 жыл ирландық отбасында дүниеге келген. Көп балалы отбасында дүниеге келген оның механикаға деген қызығушылығы зор болғанға ұқсайды. Өйткені 12 жасында әкесі сыйлаған сағатты ашып көріп, оның жұмыс істеу механизімін жылдам түсінеді. Содан кейін сағат және тағы басқа механикалық құрылғыларды жөндеу арқылы алғашқы табысын тапқан.

Генри он алты жасында ешкімге айтпай Детройтқа кетіп қалады. Сол уақытта ол күндіз кеме салу зауытында істесе, түнде сағат жөндеп ақша табатын.

Оның өмірін өзгерткен бір оқиға кішкене күнінде ат арбамен келе жатқанда жанынан бумен жүретін үлкен көлік өтеді. Сол кезде ол өзіне өмірін механикаға арнаймын деп ант берген екен. Дегенмен оның алғашқы тәжірибелері сәтсіз болады, сондықтан кейде тіпті тамағына ақшаны әрең жеткізетін еді.

Тіпті 1893 жылы өзінің алғашқы маторын құрастырып, бақыттан басы айналған механиктің автомобилдеріне сұраныс болмай тағы бір сынадады. Өйткені оның дауысы өте қатты шығатындықтан аттар үркіп кететін еді, сондықтанда ауылдастары оның туындысына үрке қарады. Түрлі моделдерін ұсынып сәтсіздікке ұшыраған Генри тек 1908 Ford T-ны құрастырып нарықты дүр сілкіндірді.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @Karashash_esenbay

ERNUR.KZ.