1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды

0
2 667

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.


1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады, деп хабарлайды ERNUR.KZ банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді.

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс құралдары сайтта орналасқан.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-ы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар болды. Банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданды. Кейбір азамат, негізінен, зейнет жасындағы адамдар, белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген, - делінген хабарламада.