2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 18 миллион 879 мың 552 адам тұрған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері халық саны 200 мыңнан аса адамға артты, деп жазады Tengrinews.kz.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 18 миллион 879 мың 552 адам тұрған. 1 қарашада халық саны 19 миллион 82 мың 467 адам болды. Жыл басынан бері өсім 202 915 адамға жетті. 10 айда табиғи өсім жоғары болды - 222 338 адам. Көші-қон көрсеткіштері төмендеді. Жыл басынан бері елден басқа жаққа 19 423 адам тұрақты тұруға кетті.
Халықтың ең көп өсуі Нұр-Сұлтан (+44 411 немесе 3,75 пайыз), Алматы (+38 959 немесе 1,97 пайыз) және Шымкент (+32 655 немесе 3,04 пайыз) қалаларында байқалады. 1 қарашадағы жағдай бойынша елордада ресми түрде 1 миллион 228,8 мың адам, Алматыда - 2 миллион 16,2 мың адам, Шымкентте - 1 миллион 107,1 мың адам тұрады.
Халық саны сегіз облыста да өсті. Алты өңірде халық азайды - Ақтөбе (-753), Шығыс Қазақстан (-5 812), Қарағанды (-3 475), Қостанай (-5 481), Павлодар (-2 948) және Солтүстік Қазақстан (-5 115) облыстары.
Қала халқының саны 167 967 адамға өсіп, 11 миллион 319,3 мың адам боды. Ауыл халқының саны 34 948 адамға өсіп, 7 миллион 763,1 мың адам болды. Ауыл халқының көші-қоны азайды, жыл басынан бері 64 868 адам ауылдан кетті.