1 мамырда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін банк комиссиясы төмендейді

0
1 300

Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін 2 есе - 1%-ға дейін төмендетеді.


1 мамырда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін банк комиссиясы төмендейді

ERNUR.KZ. Ұлттық банк жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін банк комиссиясының төмендегенін айтты, деп хабарлайды Хабар24.

«ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту және банктердің комиссияларын төмендету шараларын қабылдау туралы тапсырманы орындау шеңберінде Қазақстан Ұлттық банкі банктердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау үшін алатын комиссияның төмендетілгені туралы хабарлайды»,– делінген Ұлттық банк тартқан хабарламада.

Ұлттық банктың мәліметінше, өзгерістер 2020 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді. Бұл маңызды әлеуметтік мәні бар экономиканың жекелеген салаларына қатысты: білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындары, ақылы жолдарға ақы төлеу, ауыл шаруашылығы қызметтері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер. Қазақстанның Ұлттық банкі осы өзгерістерді қабылдау үшін халықаралық төлем жүйелерімен және екінші деңгейдегі банктермен қажетті жұмыс жүргізді. Бірлескен жұмыстың, талдау мен талқылаулардың нәтижесі бойынша жаңа сегменттер айқындалды, 2020 жылғы 1 мамырдан бастап Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін 2 есе - 1%-ға дейін, фармацевтика сегментінде – 1,3%-ға дейін төмендетеді. Сауда комиссиясын төмендету бастамасын төлем карточкалары нарығының негізгі қатысушылары қолдады. Олардың қатарына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «АТФБанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ кірді. Аталған екінші деңгейдегі банктерге эквайрингтік қызмет нарығында (төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету) жиынтығында 96% тиесілі. Жоғарыда аталған қаржы институттары сауда (эквайрингтік) комиссиясын орташа алғанда 35%-ға (2,3% ағымдағы орташа мәннен транзакция сомасының 1,5%-ы орташа мәніне дейін) төмендетеді. Сауда комиссиясын төмендету кәсіпкерлер мен азаматтарға банктік комиссия бойынша өз шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді. Банкаралық және сауда комиссиясын төмендету жөніндегі бірлескен шаралардың нәтижесі бизнес субъектілері шығыстарының нақты үнемделуі ретінде жылына 2 млрд теңге деңгейінде болжанады. Жалпы алғанд қабылданған шаралар жеке қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды одан әрі дамыту үшін жағдайларды елеулі түрде жақсартады және «көлеңкелі экономиканың» көлемі қысқаруына оң әсер етеді.