1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары енгізіледі

0
353

Олар ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы функцияларды іске асыратын болады.


1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары енгізіледі

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мүгедектігі бар жандар үшін кедергісіз орта құру туралы айтып берді, деп жазады Inbusiness.kz.

Осы жылдың 20 сәуірінде қабылданған Әлеуметтік кодекстің новеллаларының біріне сәйкес, Қазақстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары енгізіледі. Олар ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы функцияларды іске асыратын болады. Ол үшін осы жағдайларға сәйкестендірілген тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерімен тексеру парақтары күшейтілді, деді комитет төрағасы.

"Енгізілетін өзгерістер мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, оның ішіндегі міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнама нормаларын сақтау жөнінде уақытылы және жедел шараларын қабылдауға мүмкіндік береді", – деп нақтылады Т. Оспанқұлов.

Қойылған сұраққа жауап бере отырып комитет төрағасы мекемелерде мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсетуге қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда салынатын айыппұл мөлшеріне тоқталды.

"Мекемеге ең алдымен нұсқама береміз. Нұсқама бергеннен кейін тапқан кемшіліктер кәдімгідей күрделі болатын болса, оған міндетті түрде айыппұл саламыз. Айыппұл мөлшері біз келіп тексеретін мекеменің деңгейіне байланысты. Жеке тұлға немесе лауазымды адам болатын болса, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер ол кәдімгі үлкен мекеме болатын болса, оған салынатын айыппұл көлемі 200 АЕК дейін көтеріледі", – деді министрлік өкілі.