10 әскери қызметші психикалық денсаулық орталығына түсті деген ақпарат тарады

0
384

ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


10 әскери қызметші психикалық денсаулық орталығына түсті деген ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметші жатқызылды деген ақпарат тарады, деп жазады tengrinews.kz.

ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығында мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр. 2022 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының ҚІД-нен 2022 жылдың маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базарұлы Орал қаласының дәрігер-мамандарына қаралуға жіберілді. Содан кейін ол "Облыстық психикалық денсаулық орталығына" дәрігерлердің бақылауына "бейімделудің бұзылуы" алдын ала диагнозымен ауруханаға түсті", - деді ведомство баспасөз қызметі.