10 жыл құлдықта болған әйелге қайырымды жандар 4 бөлмелі үй әперді

0
2 515

​Өзбекстанда 10 жыл құлдықта болған Қызғалдақ Байсақанова баспаналы болды.


10 жыл құлдықта болған әйелге қайырымды жандар 4 бөлмелі үй әперді

фото: кадрдан скринделген

Келіншек көрші елде жүргенде әкесінің үйі сатылып кетіп, қайтып келгенде далада қалған болатын. Еуразия бірінші арнасындағы "Пендеміз ғой" ток-шоуының ұжымы келіншектің мәселесін көтеріп, қайырымды жандар 4 бөлмелі үй сатып алып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қызғалдақ Байсақанова Алматыда дүниеге келіп, Қаскелең қаласында өскен. 2000 жылдары жұмыс орнынан қысқарып қолғанда Өзбекстанда айлығы жоғары жұмыс бар деген ұсыныс келеді. Бастапқыда оны жезөкшелікке сатпақ болыпты. Дегендеріне көндіре алмаған соң 23 жасында белгісіз сектаға құлдыққа беріп жіберіпті. Амалын тауып елге қашып келгенде әкесінің үйі сатылып кеткенін біледі. Даладан қалған келіншекке қайырымды жандар қол ұшын созып, пәтер жалдап берген.

Қарекет ұжымы сізге Алматыдан 4 бөлмелі баспананың кілтін табыстағалы жатырмыз. Бұйыртса шаңырақтарыңыз игілікке толы болсын. Мынау сіздің баспанаңыздың кілті. Ала қойыңыз" - деді "Қарекет" қайырымдылық қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі Ақтөре Серікбай

Келіншектің көптен күткен арманы орындалды. Қайырымдылық қоры сатып алып берген пәтерді өз атына рәсімдеуге шақырғанда аса сене қоймаған. Тіпті құжаттарын қолына алғанда да қуанышты сезіне алмады..

"Ал әпке құтты болсын. Бетіңнен бір сүйейінші. Берекелі құтты шаңырақ болсын. Үйге келіп тұрасың ғой"

Құжаттарын алған бетте бірден үйіне бет алды. Екі бөлмені жалдап тұрған олар үшін төрт бөлмелі үй хан сарайымен тең екені айтпаса түсінікті. Қызы бірден өзіне бөлме таңдап алған.

"Алдағы жоспарым бірінші емделем, обустраивать етем. Пока буду делать прописуку эту буду делать. Енді өз мамандығыммен жұмысқа шығу" - дейді Қаскелең қаласының тұрғыны, Қызғалдақ Байсақанова.

Қайырымдылық қоры өкілдерінгің айтуынша Қызғалдақтың бағына қарай баспана тез табылыпты. Үйдің иелері де бағасын барынша төмендетіп берген.

"Өзі Қарасай ауданының тұрғылықты тұрғыны болғандықтан осы районнан іздедік. Аллахтың қалауымен бір жетінің ішінде осы баспананы таптық" - дейді "Қарекет" қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша өкілі Әлімжан Теміров.

Үйдің иелері баспананың ішіндегі дүние-мүлкін де қалдырып кеткен. Қызғалдақ қызы екеуі ерте көктемнен бастап, үйлерінің айналасын абаттандырып, жеміс ағаштары мен көкеніс өсіруге бел буып отыр.