​«100 кітап» жобасы Президентке таныстырылады

0
5 902

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты қазақ тіліне аударуға тапсырма берілді. Биыл 18 оқулық аударылды. 12 сәуір күні кітаптарды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырамыз. Бұл туралы Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында берілген әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты қазақ тіліне аударуға тапсырма берілді. Осының негізінде биыл 18 кітап аударылды. 12 сәуір күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен шара өтеді. Сонда осы кітаптарды таныстырамыз», - деді ректор «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті IV съезінде өтіп жатқан «Білім. Ғылым. Инновация» дискуссиялық алаңда.

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті IV съезі өтіп жатыр.

Съезде еліміздің барлық аймағынан келген 1500-ге жуық дарынды жас қатысуда.

Жиында жастар арасындағы маңызды мәселелердің шешу жолдары ұсынылып, жастар 5 бағыт бойынша құрылған «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Салауатты ұлт» дискуссиялық алаңдарында пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, ертең қоғамның дамуына, ғылым, білім, тарих пен мәдениет салаларында жетістікке жеткен жас қазақстандықтардың қатысуымен «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жариялаған. Онда Елбасы «алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз»,-деген еді. Осы жұмысты атқаруға жаңадан Ұлттық аударма бюросы ашылған болатын.