1000 дәретхана - Қазақстандағы дәретхана мәселесі 2025 жылға дейін шешіледі

0
1 464

Дәретхана мәселесін көтерген Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжанға алғыс айтылды.


1000 дәретхана - Қазақстандағы дәретхана мәселесі 2025 жылға дейін шешіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР мемлекеттік туризм саласын дамыту жобасына арналған баспасөз конференциясында елімізде неміс технологиясымен мың дәретхана салынатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

«Жекеменшік инвестор, әкімшіліктер үлесін қосады және қаржыны «Қазавтожол» алады. Оның күтімін жүзеге асыру үшін Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге қажетті қаржыны есептеп жатырмыз», - дейді министр.

Министр өз сөзінде еліміздегі дәретхана мәселесі 2025 жылға дейін толығымен шешіледі деп уәде етті. Сонымен қатар дәретхана мәселесін көтерген Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжанға алғыс айтты.

«Дәретханалар толығымен инвестициялар арқылы жүзеге асырылады. Біз тек оның қолданысқа енуіне септік етеміз. Осыған мұрындық болған Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжан сияқты азаматтарымызға рахмет айтамыз», - дейді Мұхамедиұлы.

Мәдениет министрі аталған мәселенің туризмді дамыту үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан мен кәсіпкер Марғұлан Сейсембай мемлекет аумағына дәретханалар салуға және қоқыстан тазалауға шақырған еді.