11 қаңтарда Ай тұтылады

0
1 507

Айдың Жер көлеңкесіне алғашқы жақындауы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:07-де болады.


11 қаңтарда Ай тұтылады

ERNUR.KZ. Жылдың астрономиялық күнтізбесіне сәйкес, 2020 жылдың алғашқы Ай тұтылуы қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні болады, деп жазады Skifnews.kz.

Ай тұтылуының максималды фазасы – 089. Жер көлеңкесі Айдың оңтүстік бөлігіне енеді. Сондықтан қараңғылық шамалы болатынын айтады астрономдар.

Айдың Жер көлеңкесіне алғашқы жақындауы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:07-де болады. Ал тұтылудың максималды фазасы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:11-де пайда болса, 21:12-де Ай Жер көлеңкесінен толығымен шығады.

Айдың тұтылуы Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Балтық теңізі, Кавказ бен Орталық Азия елдерінде көрінетін болады. Жалпы алғанда, 2020 жылы астрономиялық күнтізбеге сәйкес, Күннің екі және Айдың төрт тұтылуы күтіледі.

2020 жылдың ең үлкен астрономиялық оқиғалары толық және сақиналы Күн тұтылуы болмақ.

Еске сала кетсек, Ай былтыр да қаңтар айында тұтылған болатын. Бірақ, 11-інде емес, 21-і күні.