11 қарашадан бастап Алматы – Қонаев электр пойызы жүреді

0
756

Пойыз тәулігіне бір рет жүреді.


11 қарашадан бастап Алматы – Қонаев электр пойызы жүреді

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы – Қонаев бағдары бойынша қаламаңы пойызы іске қосылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа жолаушылар бағдары 11 қарашадан бастап ашылады.
Пойыз тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.
Пойыз құрамында 175 орындық 3 вагон бар. Тасымалмен "Жолаушылар тасымалы" АҚ айналысады.
Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында екі қаланың арасында электричка жүргізуді тапсырған болатын.