11 млн қазақстандықтың жеке деректерін кімнің "жариялағаны" белгілі болды

0
735

Мәліметтердің шығу көзі - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы болып табылады.


11 млн қазақстандықтың жеке деректерін кімнің

ERNUR.KZ. Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (КШТЗО) 11 млн қазақстандықтың жеке деректерінінің таралуына жауаптыны атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

КШТЗО басшысы Арман Абдрасиловтың айтуынша, мәліметтердің шығу көзі - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы болып табылады.
Ол жақында Ішкі істер министрлігінен сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы хат келіп түскенін мәлімдеді.
Бұл Қылмыстық кодекстің 211 бабы 1 тармағы (шектеулі қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша жүргізіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі желіде жарияланып кеткені хабарланған болатын.
Бұған қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пікір білдіріп, дереккөз бен тарату себептерін анықтауды тапсырғанын айтқан еді.