12 адамның өлімін менің мойныма іліп жібермекші - Bek Air ұшағы соғылған үйдің иесі

0
748

Апатқа ұшыраған үйдің иесі Ришат Қалибек қарсы шағыммен сотқа жүгінетінін айтты.


12 адамның өлімін менің мойныма іліп жібермекші - Bek Air ұшағы соғылған үйдің иесі

ERNUR.KZ. Бүгін, 21 ақпанда, Талғар аудандық сотында ұшақ құлаған үйдің иесіне қатысты Bek Air әуекомпаниясының шағымы бойынша сот ісінің алдын ала тыңдалымы өтті. Бірақ ол басталмай жатып, аяқталды. Әуекомпания өкілдері мен сотталушы бұл іске қатысты өз пікірлерін білдірді, деп жазады zakon.kz.

Сот отырысына келген Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов бұл құрылысты заңсыз деп тануды қалайтындарын айтты.
Құрылыс заңсыз салынғанын растасын. Міне, біздің талабымыз осы. Бұл сұрақты (өтемақы туралы - ред.) кейінге қалдырайық, өйткені сот тыңдалымы кейінге шегерілді, - деді ол.
Өз кезегінде, апатқа ұшыраған үйдің иесі Ришат Қалибек қарсы шағыммен сотқа жүгінетінін айтты.
Мен олардың талаптарымен келіспеймін, өйткені мен жер телімін заңды түрде сатып алдым. Мен де сотқа жүгінемін. Қазір осының жайын адвокатпен талқылап жатырмын. Біріншіден, олар адам ретінде менің құқығымды бұзып отыр. Екіншіден, олар шығынды төлемес үшін мені сотқа берген. Мен моральдық және материалдық шығын өтету үшін сотқа шағымданамын, - деді Ришат Қалибек.
Оның айтуынша, ол әуекомпанияны сотқа бермеген, себебі ол Талғар ауданы әкімдігі келген залалды өтейді деп күтіп отырған. Алайда, ешкім оған залал шығынын төлемеген.
"Мен адвокаттармен сөйлестім. Содан ұққаным, олардың мақсаты үйді заңсыз ету, сөйтіп мені қайта сотқа беріп, 12 адамның өлімін менің мойныма іліп жіберу. Олар шіріген ұшақтың құлауына жауап берудің орнына, менің үйімді қиратады, онымен қоймай сотқа береді", - деді Қалибек.