Визалық формальдылықты жою, шетелдік инвесторлардың, бизнесмендер мен туристердің санын арттыруға бағытталып жасалынған.
ERNUR.KZ. Қазақстанға 12 елдің азаматтарын визасыз кіргізу туралы Үкімет қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгіннен бастап, Қазақстан Республикасына визасыз кіру режімі бар елдердің тізімін кеңейту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы күшіне енді. Атап айтқанда, 45 мемлекеттің тізіміне қосымша 12 ел енгізілді. Олар: Вьетнам, Индонезия, Филиппин, Таиланд, Бахрейн, Оман, Кувейт, Сауд Арабиясы, Колумбия, Лихтенштейн, Ватикан және Катар. Қаулымен аталған елдердің азаматтары үшін егер олардың ҚР-да болу кезеңі Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын болса, визасыз кіру және шығу құқығын беру көзделген», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров тілшілерге арналған брифинг барысында.
Оның айтуынша, визалық формальдылықты жою, шетелдік инвесторлардың, бизнесмендер мен туристердің санын арттыруға бағытталған визалық режімді жеңілдету Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға ықпал етеді.
«2005-2018 жылдар аралығында Қазақстанға аталған елдерден 876,3 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Қазақстан мен жоғарыда көрсетілген мемлекеттер өзекті халықаралық пробеламарды реттеу жөніндегі өз іс-қимылдарын тығыз үйлестіре отырып, көпжақты және екіжақты форматтарда тиімді іс-қимыл жасауда», - деді ол.