13 рет жауапкершілікке тартылған жүкті әйел тағы 6 іс бойынша күдікке ілінді

0
743

​Полицейлер күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы барын және жүктіліктің алтыншы айында екенін ескеріп, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.


13 рет жауапкершілікке тартылған жүкті әйел тағы 6 іс бойынша күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Еңбекшіқазақ ауданында 26 жастағы Талғар қаласының тұрғыны ұсталып, алаяқтық әрекеті үшін күдікке ілінді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бір қызығы, ол бұған дейін де бірнеше рет полицияға жеткізіліп, 13 рет жауапкершілікке тартылған. Соған қарамай, оған бас бостандығын шектеумен байланысты сот үкімі екі-ақ рет қолданылған екен.

"Ұсталған азаматқа алты алаяқтық фактісі бойынша айып тағылып отыр. Бұл әрекеттер Есік қаласы мен жақын маңдағы ауыл дүкендерінде жасалған. Сатушыларға ол өзін дүкен иесінің туысымын деп таныстырып, түрлі маркалы темекілерді қорабымен алып кетіп отырған", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған деректер негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осыншама мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, полицейлер тарапынан күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы бары және жүктіліктің алтыншы айында екені ескеріліп, оған тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде алдын-алу шарасы қолданылған.