13 жыл бойы зейнетақыны "сатып келген" шенеуніктер ұсталды

0
1 302

50-ден аса жалған зейнеткер анықталған.


13 жыл бойы зейнетақыны

ERNUR.KZ.Павлодар облысында шенеуніктер 13 жыл бойы "зейнетақыны сатып келген", деп жазады tengrinews.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, облыстық "Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті басшысының орынбасары Лукашова, Павлодар облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бөлім басшысы Смағұлова және тағы басқа тұлғалар аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлаған.

"Қызметкерлер ұзақ уақыт бойы 2005 жылдан бері жүйелі түрде өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, 300 мың теңгеден бастап 1 миллион теңгеге дейін заңсыз түрде зейнетақы рәсімдеп келген. Бірақ ол тұрғындар әлі зейнет жасына жетпеген болып шықты", - деп хабарлады Ұлттық бюро өкілдері.

50-ден аса жалған зейнеткер анықталған. Осылайша мемлекетке 120 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Зейнетақы құжаттары жалған құжаттармен жасалған.

"2018 жылдың 15 мамырынан бастап Смағұлова үй қамауына алынды. Ал Лукашова 31 мамырда қамауға алынды. Қазіргі уақытта айыптау актісі бар қылмыстық іс прокуратураға жолданды", - деді ведомство өкілдері.