14 күн карантинде отырады: бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды

0
506

​Құжатта кейінгі 14 күнде Үндістанда болғандар елге оралған соң, екі апта үй карантинінде болу керектігі атап көрсетілген.


14 күн карантинде отырады: бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды

ERNUR.KZ. Үндістаннан Қазақстанға оралған жолаушылар екі апталық карантинде отыруы керек. Мұндай шешімді елдің мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар да, COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін ПТР тапсырғандар да екі апта үй карантинінде болады.

Атап айтқанда, кейінгі 14 күнде Үндістанда болып, Қазақстанға келген адамдар екі апта үй карантинінде отыруы керек.

"Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен Covid-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың және коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғанына қарамастан жүргізіледі", – делінген құжатта.

Жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады. Айта кетейік, құжат 5 маусым сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Үндістандағы ахуал

Үндістанда вакцина салдырғандар үшін қауіпті коронавирус штаммы анықталды. Ал толық немесе жартылай вакцина салдырғандардың көпшілігі үш штамнан тұратын B.1.617 SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Делидегі Үндістан медициналық ғылымдар институты мен геномика және интегративті биология институтының зерттеуінде айтылды.

Дәрігерлер Үндістанда вакцина салдырған 63 адамның ауырғанын хабарлады. Алайда вакцина дәл сол инфекцияға қарсы тұруы керек еді. Науқастарың 36-сы вакцинаның екі бөлігін де салдырған, ал 27 адам бір бөлігін ектірген.

Үндістан COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырғандар саны 28,5 миллионнан асты. 26,5 миллионнан астам адам жазылып шығып, 340 мыңнан астам науқас қайтыс болды.