1414 қызметі әскери қызметке шақыру үшін пайдаланылады

0
222

Заң жобасында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөнінде хабардар етудің электронды әдісі белгіленеді.


1414 қызметі әскери қызметке шақыру үшін пайдаланылады

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарды әскер қатарына алу үшін 1414 қызметі қолданылады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде мәлім болды, деп sputnik.kz.
Заң жобасында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөнінде хабардар етудің электронды әдісі белгіленеді.
Қорғаныс министрлігі осы мақсатта SMS хабарламаларды "электронды үкімет" веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының "жеке кабинеті" арқылы жібере алады.
"Енді қазақстандықтар оқуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігін әрбір білім деңгейі бойынша бір реттен артық пайдалана алмайды. Яғни, бакалавриатты аяқтаған соң басқа мамандық бойынша қайталап бакалавриат оқу кезінде кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алмайды", - делінген хабарламада.
Некеде тұрған азаматтар, егер жұбайы жүкті болса, отбасылық себептері бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды он екі және одан да көп аптаға кейінге қалдыруына болады.